"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің Наумовка ауылының мектеп-балабақшасы"коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қамқоршылық кеңесті қалыптастыру және оның құрамы бойынша ұсыныстар қабылдау туралы хабарландыру.

11.04.2023

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген "Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларына және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібіне" сәйкес Қамқоршылық кеңесті қалыптастыру және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарлайды "Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің Наумовка ауылының мектеп-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

          Қамқоршылық кеңестің құрамы бойынша ұсыныстарды қалыптастыру және қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібі негізінде жүргізіледі.

Ұсыныстар "Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қолма-қол тәртіппен, пошта арқылы немесе хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде ұсынылады.

Ұсыныстарды қабылдау мерзімі: ұсыныстарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Байланыс деректері: "Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мекенжайы Ақмола облысы, Ақкөл қаласы, Бегелдинов көшесі, 10, Электрондық пошта мекенжайы akkoloo@aqmoedu.kz , анықтама телефоны 8 (71638) 55250, 20133.

Просмотров: 1399


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст