«Тіл мерекесі- ел мерекесі»
2023 жылдың 5-16 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы халқының Тілдері күніне арналған онкүндігі басталды. Тіл – халқымыздың баға жетпес қазынасы. Оның тұңғиығына терең бойлап, рухани мұрамыздың құндылығын өскелең ұрпаққа жеткізу – біздің міндетіміз. Осы мақсатты көздеген Ақкөл аудандық білім мекемелерінде ҚР- ның Тілдер мерекесі- тілдер апталығы басталды. Апталықтың алғашқы күні аясында «Тіл – татулық тірегі» атты викторина және квест ойындары өткізілді. Мемлекеттік тілде өткен сайысқа орыс тілінде білім алып жүрген оқушылар қатысып, өз білімдерін сарапқа салды.
Апталықтың ашылуы салтанатты жиын түрінде белгіленіп, апталықтың жұмыс жоспарымен таныстырылды. Тіл мерекесіне бүкіл пән мұғалімдері атсалысты. Үш тілде ақын- жазушылардың, биылғы жылы 165 жылдық мерейтойы аталып өткізілгелі отырған Шәкәрім Құдайбердиевтің суреті, шығармалары, қанатты сөздерінен көрме ұйымдастырылды.
Онкүндіктің негізгі мақсаттары:
-оқушылардың тілге деген құрметтерін арттыру, өзге ұлттардың мәдениетін және ерекшеліктерін біліп таныту, тілдің қоғамдағы атқаратын рөлін ұғындыру;
-оқушыларды үштұғырлы тілді жетік білуге тәрбиелеу және шығармашылық, ізденіс қабілеттерін дамыту;
-жас жеткіншіктерді өз елінің тілін, жерін, тарихын сүйетін білімді де сауатты тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру.
Тілдер күні мерекесі қарсаңында ауданның әр мектеп онкүндікке жоспарланған іс-шаралар өткізетін болады.
Ханша Ахтышхан, аудандық білім бөлімінің гуманитарлық пәндер бойынша әдіскері