Текст
15.09.2023
Ақкөл аудандық әдістемелік кабинеті жалпы білім беретін мектептерінің 11 сынып оқушыларының арасында Президенттік олимпиаданың аудандық кезеңін өткізді. Президенттік олимпиада қатысуға «Алтын белгі» немесе «Үздік аттестат» иегерлеріне үміткерлер қатарынан немесе математика, физика, химия және биология пәндерінен үздік оқушылардың қатысуға мүмкіндіктері бар. Олимпиада нәтижесі бойынша жүлделі II-орын Амирханова Индира Ж.Бектуров ат.№3 ЖОББМ, Кабулова Шынар П.Исаков ат.№1 ЖОББМ; III-орын Бегимбаева Іңкәр, Мақұм Нұрдәулет Ж.Бектуров ат.№3 ЖОББМ оқушылары иеленді. Жеңімпаздарға Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңінде сәттілік тілейміз!