Ақкөл ауданында бастауыш сынып оқушыларының арасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай қашықтық «Абай - қазақ халқының данышпаны» атты байқауы өтті. Байқауға 13 бала қатысып, Абайдың қара сөздерін жатқа айтты. Келесі оқушылар комиссия шешімі бойынша аудандық мерекелік іс – шараға қатысуға жолдама алды: № 2 АОМ-нің 2 «А» сынып оқушысы Молшылық Нұржанат (мұғалімі - Б.Маметқызы), Ж.Бектұров ат. № 3 АОМ-нің 4 «Б» сынып оқушысы Қалдарова Перизат пен Жанабай Дамир (мұғалімі –Кусенбаева Ж.А.), және 2 «А» сынып оқушысы Хурметбек Алмас (мұғалімі – Р.Енсеген), Азат ОМ-нің 4 «А» сынып оқушысы Ерсинхан Мадина (мұғалімі – М.Тилеуберді), Минск ОМ –нің 3 «А» сынып оқушысы Бердхан Аруна (мұғалімі – К.Хошмах), Амангелді НМ-нің 4-сынып оқушысы Ұлықпан Берекет (мұғалімі – Р.Т.Карпыкбаева). Ал мұғалімдер арасындағы байқаудан № 2 АОМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Маметқызы Баршагуль өтті.