"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тіл дарыны-2020» облыстық байқауы

03.03.2020

             2020 жылғы 24-26 ақпан аралығында  Бурабай ауданы, Звездный 8-11 сынып оқушылары арасында облыстық   «Тіл дарыны-2020»  байқауы өтті.

          Байқауға Ақмола облысының аудандарынан Көкшетау, Степногорск қалаларынан және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп интернаттарынан барлығы  69 оқушы қатысты.

          Байқаудың мақсаты – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген оқушыларды қолдауға бағытталған өткізу жүйесі арқылы оқушылардың көпмәдениеттік тұлғасын қалыптастыру. Бұл байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілді. Іскерлік және халықаралық коммуникацияларға арналған құрал ретінде тілдерді меңгеру деңгейін,  Үш тілді мемлекеттік саясат ретінде насихаттау, Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру, оқушылардың тілдерді меңгеруге деген қызығушылығын арттыру, тіл мәдениетін дамыту. Жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу.

         Бұл байқау Қазақстанда көптілді білім беруді енгізудің Ұлттық жоспарына қолдау болды. Ақкөл ауданынан 3 оқушы қатысты. Ж. Бектұров атындағы   № 3 Ақкөл орта  мектебінің  10- сынып оқушысы  Сакенова Аида Ақмола облысы Білім басқармасының 1 дәрежелі дипломымен  алтын медальмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Дайындаған мұғалімдері: Дорж Март, Худобина Венера Рафаиловна, Балмуханова Гүлнар Ақылбековна.  № 2 Ақкөл орта мектебінің   9- сынып оқушысы Максименко Анастасия (мұғалімдері: Сейтенова Н. С.,  және  Ж. Бектұров атындағы   № 3 Ақкөл орта мектебінің 11- сынып оқушысы  Кожахметова Дария  Ақмола облысы Білім басқармасының сертификатымен марапатталды.

          Облыстық байқаудың барлық қатысушыларын лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз, алдағы уақытта табыс тілейміз!

Просмотров: 723


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст