"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудандық Х «Ақберен-2023» өнер сайысы

04.10.2023

 

Аудандық Х «Ақберен-2023» өнер сайысы

 

2023 жылы  3 қазан күні Ақкөл ауданы Еңбек ауылы «Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, С.Нұрмағамбетов атындағы ЖББМ» КММ аудандық «Ақберен-2023» өнер сайысы өткізілді. Сайысқа ауданның 12 мектебінен 12 мұғалім , 38 оқушыны дайындап әкелді.  Сайыс 6 номинация бойынша өткізілді:

  1. Шешендік, білгірлік сайысы
  2. Эссе жазу
  3. Көркемсөз оқу
  4. Ақындар мүшәйрасы
  5. Ұлттық аспапта ойнау
  6. Ақындар айтысы

Сайыстың басында Ақкөл аудандық білім бөлімінің әдіскері Ханша Ақтышқанқызы алғы сөзін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сайыс өте тартысты өтті. Пән мұғалімдері оқушыларды жоғары деңгейде дайындаған. Әділқазылар өз төрелігін айтты. Оқушылар жүлделі орындарға ие болды. Облыстық кезеңге жолдама алған оқушылар:

  1. "Көркемсөз оқу" номинациясы бойынша -«Кирдищев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 10 сынып оқушысы  Саматұлы Мақсат, жетекшісі - Танхай Саулеш  
  2. "Эссе жазу" номинациясы бойынша"Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы С.Нұрмағамбетов атындағы ЖББМ" КММ 11сынып оқушысы- Кадырова Анель, жетекшісі -Дүйсембай Еркебұлан
  3. "Ұлттық аспапта өнер көрсету" номинациясы бойынша «уКММ 11 сынып оқушысы -Тлеулесова Аяулым,       жетекшісі -Аятхан Жанибек
  4. "Ақындар мүшәйрасы" номинациясы бойынша «Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ  10 сынып оқушысы - Мұғаз Ризаби, жетекшісі - Аскенова Гульжанар

Облыстық сайысқа жолдама алған қатысушыларға сәттілік тілейміз!

 

 Ақкөл ауданы бойынша  білім бөлімінің

 әдістемелік кабинетінің әдіскері   Ханша Ахтышхан

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 1005


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст