ҚР Үкіметі Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде.
Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2019 жылғы 9 қыркүйектегі № 19-32-41.4 және 2019 жылғы 30 қазандағы № 19-32-41. 6 хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы бойынша Ақкөл аудандық білім бөлімі тарапынан көптеген жұмыс өткізілуде.
Ақкөл ауданы бойынша 2019-2020 оқу жылындағы әлемге әйгілі шығыстың ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном,ботаник зерттеушісі Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған іс- шаралар жоспары бекітілді.
Барлық білім мекемелері жоспардың 4-тармағына сай ғылыми конференциялар, оқулар, семинарлар және басқа да әртүрлі форматты іс-шаралар ұйымдастыруды көздейтін Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын өткізу жөніндегі жоспарларды әзірлеп, бекітті.
2020 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Әбу Насыр әл-Фарабидің мұрасын көпшілікке танымал ету жөніндегі жобаларды жоспарлады . Соның бірі Ақкөл ауданы мектептерінің өткізген
«әл- Фараби және ғылым» тақырыбындағы эссе сайысына Өрнек ОМ, Кеңес ОМ, № 1 АОМ, Еңбек ОМ- бақшасы, Азат ОМ, № 4 АОМ, Наумов ОМ- нен 48 оқушы қатысып, нәтижесінде 9 оқушы жеңімпаз атанды. Олар: 7- сыныптар бойынша № 1 Ақкөл орта мектебінің 7- сынып оқушысы Сарафанов Вадим 1- орын (мұғалімі Дмитрева Г. Н.) 8- сыныптар бойынша Кеңес ОМ – нің 8- сынып оқушысы Кажина Аяулым 1- орын, Азат ОМ – нің 9- сынып оқушысы Зареев Руслан 1- орын (Уәлиева Ш.Қ,), № 4 Ақкөл орта мектебінің 8- сынып оқушысы Юльмахамбет Камила 1- орын (мұғалімі Муса Майгүл), Өрнек ОМ- нің 10- сынып оқушысы Азатбек Армангүл 2- орын, Өрнек ОМ – нің 10- сынып оқушысы Жуманова Риза 2- орын, Өрнек ОМ – нің 7- сынып оқушысы Әли Жансая ІІІ орын, Өрнек ОМ – нің 9- сынып оқушысы Дюсенбаева Анель 3- орын (мұғалімі Мухамеджанова Т. Н.), Еңбек ОМ –бақшасының 8- сынып оқушысы Канапинова Карина (мұғалімі Дүйсембай Еркебұлан Жетпісбекұлы) 3- орын иеленді.
Ақкөл аудандық білім бөлімінің әдіскері Ханша Ахтышхан