2024 жылы наурыздың 14-і күні Ақкөл ауданы "Ақкөл қаласының №2 жалпы білім беретін мектебі" КММ-де орыс мектептері және аралас мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың мәні мен маңызы» атты аудандық семинар өтті. Семинар барысында Ақкөл қаласының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Пермахан Тілеуберді, Удешева Камила Ерулановна, Ақкөл қаласының П.Исаков атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Хадыр Асемгуль, Қына ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Даутбаева Бахытгуль Кабидулаевна ашық сабақтар берді. Ақкөл қаласының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Шугубаева Гүлжиян Байзуллиновна шебер сынып өткізді. Осы мектептің мұғалімдері Уразбаева Ботагөз Сериковна мен Карсакова Мөлдір Рахадиновна авторлық бағдарлама бойынша тәжірибе алмасты. Семинар өте жоғары деңгейде өтті.