"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

27.03.2024

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

«Ақмола облысы бiлiм басқармасының Ақкөл ауданы бойынша бiлiм бөлiмi» ММ 2024 – 2025 оқу жылына бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет «Электрондық үкімет» egov.kz порталында ағымдағы жылдың 1 сәуірден басталатынын хабарлайды.

  • Білім беру ұйымдарында бірінші сыныпқа қабылдау бойынша

өтініштер 1 сәуірден бастап 31 тамызға дейін қабылданады.

  • 1-сыныпқа алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын

балалар қабылданады. Қабылдау даярлық деңгейіне қарамастан білім беру

ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалардың

қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып жүзеге асырылады.  

  • Құжаттарды қабылдау «электрондық үкімет» веб-порталы egov.kz

арқылы жүзеге асырылады. 

  • Қызметті онлайн алу:

1.    Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.

2.    Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).

3.    Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

  • Портал арқылы өтінім беру үшін келесі құжаттар пакеті қажет:
    1. Ата-анасының біреуінің (немесе өзге де заңды өкілдерінің) өтініші;
    2. Медициналық анықтамалар:        
  • № 065/у нысанды "Профилактикалық екпелер картасы"
    № 052-2/у "Бала денсаулығының паспорты"
    1. баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi.

Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті

алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынған құжаттарының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 546 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17553 тіркелген) Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) сынып-жинақталымының шамадан тыс толуы.

Просмотров: 5350


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст