"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары

22.05.2024

 

 

Қазақстан Республикасы

Оқу-ағарту министрінің

2024 жылғы «                     »
№ ___ бұйрығына № 2 қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2016 жылғы 27 қаңтардағы

№ 83 бұйрығымен бекітілген

 

 

Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының
7-тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы  Заңының 44-бабының
5-тармағына, «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
14-бабына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және педагогтерді аттестаттау және педагогтерге біліктілік санаттарын беруді (растауды) тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) аттестаттау – педагогтердің біліктілік деңгейін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға сәйкес біліктілік санаттары беріледі (расталады);

2) аттестатталушы – осы Қағидаларға сәйкес біліктілік санатын беруге (растауға) («Педагог лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы
15 сәуірдегі № 145 бұйрығымен бекітілген Педагог лауазымдарының тізбесіне сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20400 болып тіркелген) үміткер педагог;

3) аттестаттау комиссиясы – педагогтерді аттестаттау рәсімін жүргізетін уәкілетті алқалы орган (бұдан әрі – Комиссия);

4) аттестаттау кезеңі – біліктілік санатын соңғы берген (растаған) күннен бастап келесі аттестаттау мерзімі басталғанға дейін немесе мерзімінен бұрын аттестаттау үшін шарттар болған жағдайдағы уақыт аралығы;

5) апелляция – осы Қағидаларға сәйкес ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы педагогтің өтініші бойынша жүзеге асырылатын педагогтердің білімін бағалау нәтижелерін қайта қарау рәсімі;

6) апелляциялық комиссия – білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын, педагогтердің білімін бағалау нәтижелерін қайта қарау қорытындылары бойынша шешім қабылдайтын комиссия;

7) біліктілікті бағалау – білім беру ұйымдарының педагог материалдарының (портфолио) біліктілік сипаттамаларына сәйкестігін қарауы;

8) біліктілік санаты – «Педагог» кәсіптік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының
2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 500 бұйрығымен  бекітілген кәсіптік стандартына (бұдан әрі – Кәсіптік стандарт) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31149 болып тіркелген) және «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік сипаттамалары) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) сәйкес педагогтің кәсіби құзыреттілік деңгейі;

9) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау – педагог қызметінің дәлелдері мен жетістіктерінің біліктілік санатының талаптарына сәйкестігін бағалау рәсімі;

10) педагогтің білімін бағалау (бұдан әрі - ПББ) – осы Қағидаларға сәйкес педагогтің білім деңгейін анықтау мақсатында өткізілетін тестілеу рәсімі;

11) педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы (ақпараттандыру объектісі)  – педагогтің кәсіби қызметі туралы деректерді жинауды және өңдеуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе (бұдан әрі – Платформа).

12) Сараптамалық кеңес – қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау рәсімін жүргізетін алқалы орган.  

3. Педагогтерді, әдіскерлерді, білім беру ұйымдары мен әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшыларының орынбасарларын аттестаттау «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағы
3) тармақшасына сәйкес бес жылда бір реттен сиретпей өткізіледі.

Білім беру ұйымдарының бірінші басшылары «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді.

 

 

2-тарау. Аттестаттауды өткізу тәртібі

 

4. Аттестаттауға жіберу үшін білім беру ұйымы педагогтердің, әдіскерлердің, білім беру ұйымдары мен әдістемелік кабинеттер (орталықтар) бірінші басшылардың, басшы орынбасарларының біліктілік бағалауын портфолионы қарау арқылы жүргізеді.

Педагогтер, әдіскерлер, білім беру ұйымдары мен әдістемелік кабинеттер (орталықтар) бірінші басшылары, басшы орынбасарлары электрондық форматта ПББ-дан өтеді.

5. ПББ аттестатталушының өтініші  бойынша  осы Қағидаларға
1-қосымшаға сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімдерде өткізіледі.

6. ПББ  келесі тапсырмалардан тұрады:

1) мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің және гимназиялардың мектепалды сыныптарының педагогтері үшін:

 «Бейіні бойынша әдістемелерді білу, мектепке дейінгі педагогика және психология» – елу тапсырма.

2) бастауыш білім беру педагогтері үшін:

«Пәндік білім» - елу тапсырма;

3) негізгі орта, жалпы орта білім беру педагогтері үшін:

«Пәндік білім» – елу тапсырма;

4) қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:

«Педагогика және психология негіздері» - елу тапсырма;

5) арнайы ұйымдардың, интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері, педагог-ассистенттері, әлеуметтік педагогтері, кәсіби бағдар берушілері, тәлімгерлері үшін:

«Педагогика және психология негіздері» - елу тапсырма;

6) арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім беру ұйымдарының арнайы педагогтері үшін:

«бейіні бойынша пәндік білім» - елу тапсырма;

7) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (оқу-өндірістік комбинаттар) үшін:

жалпы білім беретін пәндер, жалпы кәсіптік және арнайы пәндер, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша оқытушылар, әдіскерлер, өндірістік оқыту шеберлері:

«Пәндік білім» – елу тапсырма;

басқа лауазымдардың педагогтері үшін:

«Педагогика және психология негіздері» - елу тапсырма;

8) білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) бірінші басшылары, басшының орынбасарлары үшін:

«Қазақстан Республикасының заңнамасын және білім саласындағы нормативтік құқықтық актілерді білу» бағыты бойынша - алпыс тест тапсырмасы:

9) әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін:

«Оқыту әдістемесі, Қазақстан Республикасының заңнамасын және білім саласындағы нормативтік құқықтық актілерін білу» - елу тапсырма.

7. Педагогтердің білімін бағалау балдарын бөлу осы Қағидаларға                       2-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

8. ПББ нәтижелері Платформадағы педагогтің «жеке кабинетінде» көрсетіледі.

9. Бейіні бойынша 30 (отыз) және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар педагогтер жаңа жүйе бойынша бұрын берілген біліктілік санатын растаған кезде ПББ тапсырудан босатылады және қызмет нәтижелерін кешенді қорытудан өтеді.

Біліктілік санатын арттыру кезінде - жалпы негізде өтеді.

Бейіні бойынша 30 (отыз) және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар, сондай-ақ ескі жүйе бойынша «бірінші», «жоғары» санатты педагогтер «педагог-модератор» біліктілік санатына ауысқан кезде ПББ тапсырудан босатылады және қызмет нәтижелерін кешенді қорытудан өтеді.

«Педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санатын алған кезде жалпы негіздерде өтеді.

Барлық лауазымдардың педагогтері «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санатын растау кезінде ПББ тапсырудан босатылады, қызмет нәтижелерін екі реттен артық емес кешенді жалпылаудан өтеді.

10. ПББ нәтижесі шекті деңгейге жеткен кезде оң деп саналады:

1) барлық лауазымдағы педагогтер үшін:

«педагог» біліктілік санаты - 50%;

«педагог-модератор» біліктілік санаты - 60%;

«педагог-сарапшы» біліктілік санаты - 70%;

«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты - 80%;

«педагог-шебер» біліктілік санаты - 90%.

2) білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) бірінші басшылары, басшысының орынбасарлары үшін – 70%;

3) әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін:

«педагог» біліктілік санаты - 50 %;

«педагог-модератор» біліктілік санаты - 60 %;

«педагог-сарапшы» біліктілік санаты - 70 %;

«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты - 80 %;

«педагог-шебер» біліктілік санаты - 90 %.

Педагогтердің білімін бағалау ұпайлары осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бөлінеді.

11. Педагогтерге нұсқау беру уақытын есепке алмағанда, ПББ орындау ұзақтығы:

педагогтер үшін – сексен минут, «Математика», «Физика», «Химия», «Информатика» пәндері үшін – жүз жиырма бес минут;

білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) бірінші басшылары, басшының орынбасарлары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлері үшін – тоқсан минут;

мүмкіндіктері шектеулі (көру, есту, тірек-қимыл аппараты бұзылған) тұлғалар үшін  қосымша 40 (қырық) минут беріледі.

12. ПББ:

педагогтер кезекті аттестаттауда жылына 1 (бір) рет – тегін, 1 (бір) рет – білім саласындағы уәкілетті орган бекіткен сомаға сәйкес ақылы негізде;

мерзімінен бұрын аттестаттауға үміткер педагогтер жылына 1 (бір) рет – тегін;

тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар немесе педагогикалық қайта даярлау туралы құжаты бар өтілі жоқ тұлғалар, сондай-ақ педагогикалық қызметті қайта бастауға тілек білдірген тұлғалар –
1 (бір) рет - тегін, кейінгілері – білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен сомаға сәйкес ақылы негізде өтеді.

Сынамалық тестілеу (педагогтің қалауы бойынша) – ақылы негізде жыл бойы өтеді. Сынамалық тестілеудің нәтижелері ПББ-дан өту үшін негіз болып табылмайды.

13. Аттестаттау педагогтердің барлық лауазымдары үшін қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауды қамтиды.

Білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшылары, басшының орынбасарлары үшін қызмет нәтижелерін таныстыра отырып, сондай-ақ Комиссия отырысында әңгімелесу өтеді.

Егер әдістемелік кабинет (орталық) заңды тұлға болмай құрылымдық бөлімше болып табылса, онда әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшысы, басшы орынбасары әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері ретінде аттестаттау рәсімінен өтеді.

14. ПББ жүргізу кезінде:

тестілеу техникасы мен қауіпсіздік жүйесіне қасақана зиян келтіруге;

ПББ өтуіне байланысты тестілеу жүйесіне бұзушылық әрекет жасап, араласуға;

дәліз бойынша кезекші қызметін атқаратын адамның рұқсатынсыз және сүйемелдеуінсіз аудиториядан (компьютерлік кабинеттен) шығуға;

педагогтердің денсаулығына байланысты жағдайларды қоспағанда, аудиториядан (компьютерлік кабинеттен) 10 (он) минуттан аспайтын және 2 (екі) реттен артық шықпауға, бұл ретте тестілеудің бірінші және соңғы сағаттарында шығуға;

жанындағы адаммен сөйлесуға, бір орыннан екінші орынға ауысуға;

жұмыс үшін берілген құжаттар мен А4 қағаздармен алмасуға;

аудиторияға (компьютерлік кабинетке) келесі тыйым салынған заттарды: мобильді байланыс құралдары (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (смартфон), рациялар, ноутбуктер, плеерлер, модемдер (мобильді маршрутизаторлар), смарт сағаттар, смарт көзілдіріктер, фитнес-білезіктер (трекерлер), диктофон, сымды құлаққаптар, сымсыз, микроқұлаққаптар, сымсыз бейнекамералар, GPS (ДжиПиЭс) навигаторлар, GPS (ДжиПиЭс) трекерлер, қашықтан басқару құрылғылары, сонымен қатар келесі стандарттарда жұмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғылары: GSM (ДжиСиМ), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), VHF (ВиЭйчЭф), UHF (ЮЭйчЭф), Wi-Fi (Вай-фай), GPS (ДжиПиЭс), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект) енгізуге;

аудиторияға (компьютерлік кабинетке) шпаргалкаларды, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, Менделеевтің периодтық және тұздардың ерігіштік кестелерін, калькуляторды, түрлі форматтағы қағаздарды енгізуге;

аудиториядан (компьютерлік кабинеттен) түрлі форматтағы қағаздарды шығаруға рұқсат етілмейді.

15. ПББ өткізу талаптарын бұзу дерегі анықталған жағдайда аттестатталушы бір жыл мерзімде аттестаттаудан өтуге жіберілмейді.

ПББ өткізу талаптарын бұзу деректері қайта анықталған жағдайда педагог, бөлімнің басшысы (меңгерушісі), әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері, білім беру ұйымы, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы орынбасары – бес жылға, білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы – үш жылға аттестаттаудан өтуге жіберілмейді.

16. ПББ басталғанға дейін орнына отырғызылған соң тестілеу кезінде нұсқаулық жүргізіледі.

17. ПББ жүргізу кезінде білім беру саласындағы уәкілетті органның өкілдері байқаушы ретінде қатысады.

Бақылаушы тестілеу кезінде педагогтерге жәрдемдеспейді, тестілеуді өткізуге кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға жол бермейді. Тестілеуді өткізу тәртібін бұзған жағдайда бақылаушы өз функцияларын орындаудан шеттетіледі.

18. «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген мүгедектікті анықтау туралы құжат болған жағдайда мүмкіндігі шектеулі (көру, есту, тірек-қимыл аппараты бұзылған) тұлғалар мүгедектікті анықтау туралы құжаттарды өтінішке тіркейді, онда көмекшіні ұсыну қажеттігі қосымша көрсетіледі.

Білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым педагогпен туыстық және басқа да байланысы жоқ, ПББ шеңберінде тапсырылатын пәндер педагогі болып табылмайтын ұйым қызметкерлерінің (және (немесе) ым тілін меңгерген маманның) қатарынан көмекші тағайындайды.

19. ПББ өткізген уақытында немесе тапсыру мерзіміне қарамастан рәсімнің бейнежазбасын қарау кезінде бұзушылықтар анықталған жағдайда осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Қағидаларды бұзу актісі жасалады.

20. ПББ нәтижесімен келіспеген жағдайда педагог ПББ өткізу залынан шықпай-ақ, әрбір тапсырма бойынша дәлелді (толық түсіндірмесі, тапсырмалардың қадамдық шешімі және т.б.) негіздемесімен компьютерлік тестілеу жүйесі арқылы апелляцияға өтініш беруге құқылы. ПББ өткізу залынан шыққаннан кейін апелляцияға педагогтің өтініші қабылданбайды.

Барлық тапсырмаларды дәлелді негіздемесіз (толық түсіндірме, тапсырмаларды кезең-кезеңімен шешу және т.б.) қайта қарау бойынша апелляцияға берілген өтініштер әрбір тапсырма бойынша қарауға жатпайды.

21. Апелляция мынадай жағдайларда:

1) тест тапсырмаларының мазмұны бойынша:

дұрыс жауаптың негіздемесімен келіспегенде;

дұрыс жауап болмағанда;

бірден көп дұрыс жауап болғанда;

тест тапсырмасы дұрыс құрастырылмаған жағдайда;

2) тапсырмаларда фрагменттің немесе мәтіннің болмаған жағдайында техникалық себеп бойынша қаралады.

22. Апелляцияны өткізу үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган компьютерлік тестілеу жүйесінде апелляцияға өтініштерді қабылдауды қамтамасыз ететін Апелляциялық комиссия құрады.

23. Аппеляциялық комиссия құрамына мемлекеттік органдар өкілдері мен білім беру ұйымдарының педагогтері кіреді.

Апелляциялық комиссия  тақ саннан тұрады. Апелляциялық комиссияның мүшелері комиссия отырыстарына ауысу құқығынсыз қатысады.

Апелляциялық комиссия өкілеттігінің қолданылу мерзімі бір жылды құрайды.

24. Апелляциялық комиссияның шешімі хаттамамен рәсімделеді. Апелляциялық комиссия отырыстарының хаттамасы уәкілетті орган бекіткен  ұйымда бір жыл сақталады.

Апелляциялық комиссияның шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.

Апелляциялық комиссиянының қарау мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.

25. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша апелляцияны ескере отырып ПББ өткендігі туралы сертификат компьютерлік тестілеу жүйесіндегі педагогтің «жеке кабинетіне» жіберіледі.

Педагогтердің  ПББ нәтижесі ПББ тапсырған күннен бастап бір жылға жарамды болып саналады.

26. ПББ-дан өткен педагогтердің  электрондық дерекқорын сақтау бес жыл ішінде қамтамасыз етіледі.

27. ПББ өту кезінде педагогтер тапсыру тілін (қазақ, орыс), күнін, уақытын, тестілеу орнын таңдайды. Тестілеуден бір күн бұрын педагогке тестілеу күні, уақыты, орны туралы хабарлама жіберіледі.

28. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына тиісті деңгейдегі Комиссия өтініш негізінде жұмысқа қабылданған кезде педагогтерге білім беру ұйымының өтініші негізінде аттестаттау рәсімінен өткізбей:

жұмысқа орналасу кезінде бейін бойынша өндірісте  соңғы 5 (бес) жылдан кем емес жұмыс өтілі болса – «педагог-модератор»;

жұмысқа орналасу кезінде мамандығы бойынша соңғы 10 (он) жылдан астам жұмыс өтілі болса, «педагог-сарапшы» біліктілік санаттарын береді.

Біліктілік санатын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өткізіледі.

Келесі аттестаттау осы Қағидаларға сәйкес жүргізіледі.

29. Комиссия  өтініш негізінде лауазымға тағайындау кезінде аттестаттау рәсімінен өтпей:

Президенттің кадр резервіне кірген тұлғаларға, жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін бес жылдан кеш емес кезеңде Nazarbayev University, «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға ұсынылған шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектеріне, қолданыстағы Сэлта CELTA сертификаты (сертифекейт ин инглиш лэнгуиж тичинг ту адалтс. Кембридж Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) пас энд эбав Pass and above) бар шет тілі мұғалімдеріне «педагог-модератор» біліктілік санатын береді.

қолданыстағы Дэлта DELTA  сертификаты (диплом ин инглш лэнгуидж тичинг ту адалтс Diploma in English Language Teaching to Adults) пас энд эбав Pass and above) бар шет тілі мұғалімдеріне «педагог-сарапшы» біліктілік санатын береді.

Кейінгі аттестаттау осы Қағидаларға сәйкес жалпы негіздерде жүргізіледі.

30. Аттестаттаушы органның комиссиясы шетел (ағылшын, неміс, француз) тілі мұғаліміне өтініш пен тілді меңгеру деңгейі бойынша сертификат негізінде, ПББ рәсімінен өтпей, қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау қорытындысы бойынша біліктілік санатын береді:

1) «педагог-модератор»:

ағылшын тілі: айелтс (IELTS) – 6,5 балл немесе тойфл (TOEFL) (іnternet Based Test (іBT) – 79-84 балл;

француз тілі: дельф (DELF) – В2;

неміс тілі: гесэ цэтификат (Goethe Zertifikat) – В2.

2) «педагог-сарапшы»:

ағылшын тілі: айелтс (IELTS) – 6,5 балл немесе тойфл (TOEFL) (іnternet Based Test (іBT)) – 85-93 балл;

француз тілі: дельф (DELF) – В2;

неміс тілі: гесэ цэтификат (Goethe Zertifikat) – В2;

3) «педагог-зерттеуші»:

ағылшын тілі: айелтс (IELTS) – 7 балл немесе тойфл (TOEFL) (Интернет бейсд тест (Ай Би Ти) іnternet Based Test (іBT)) – 94-101 балл, тикити TKT (тичинг ноулидж тест Teaching Knowledge Test) модулс Modules 1-3 (3 модульдің бірі) бэнд Band 3-4/4 (нәтиже 4 баллдан 3-4); тикити клил TKT CLIL (контент энд лэнгуидж лернин Content and Language Integrated Learning); тикити йан лернерс TKT YL (йан лернерс Young Learners).

француз тілі: Дельф (DELF) – С1;

неміс тілі: Гесэ цэтификат (Goethe Zertifikat) – С1;

4) «педагог-шебер»:            

ағылшын тілі: Айелтс (IELTS) – 7,5 балл немесе тойфл (TOEFL) (Интернет бейсд тест (Ай Би Ти) іnternet Based Test (іBT)) – 102-109 балл; тикити TKT (тичинг ноулидж тест Teaching Knowledge Test) модулс Modules 1-3 (3 модульдің бірі) бэнд Band 3-4/4 (нәтиже 4 баллдан 3-4); тикити клил TKT CLIL (контент энд лэнгуидж лернин Content and Language Integrated Learning); тикити йан лернерс TKT YL (йан лернерс Young Learners);

француз тілі: Дельф (DELF) – С1;

неміс тілі: Гесэ цэтификат (Goethe Zertifikat) – С1.

31. Шетел (қытай, түрік, араб және т.б.) тілдерін оқытатын мұғалімдерге жеке өтініш пен бірінші тіл ретінде сөйлейтін елдерде ресми танылған қолданыстағы сертификат негізінде, ПББ рәсімінен өтпей-ақ қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау нәтижесі бойынша Комиссия:

В2 деңгейі - «педагог-модератор»;

С1 немесе С2 деңгейі - «педагог-сарапшы» біліктілік санатын береді.

32. «Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тиісті қолдау шараларының пакетімен тарту қағидаларын бекіту туралы (Арнайы бағдарлама)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 маусымдағы     № 390 қаулысына сәйкес жұмысқа қабылданған мұғалімдерге аттестаттау рәсімінен өтпестен өтініші бойынша:

жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектеріне – «педагог-модератор»;

«педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» біліктілік санаты бар педагогтерге – бір деңгейге жоғары біліктілік санаты беріледі.

Басқа білім беру ұйымына жұмысқа ауысқан кезде педагогтерге Арнайы бағдарлама шеңберінде берілген біліктілік санатын растау рәсімінен өтеді.

Кейінгі аттестаттау осы Қағидаларға сәйкес жүргізіледі.

33. Білім беру саласындағы өзгерістердің көшбасшыларын іріктеу және даярлау бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған және кадр резервіне енгізілген педагогтерге лауазымға тағайындалған кезде аттестаттау рәсімінен өтпей «бірінші санатты басшы» біліктілік санаты беріледі.

Кейінгі аттестаттау осы Қағидаларға сәйкес жүргізіледі.

34. Комиссия хаттамасының негізінде аттестаттаушы орган біліктілік санатын беру (растау) туралы бұйрық шығарады және білім беру ұйымы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік береді.

 

 

  1. параграф. Аттестаттау комиссиясының құрамы және қызметінің тәртібі

 

35. Білім беру саласындағы уәкілетті органда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың білім беруді басқару органдарында, білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – аттестаттаушы орган) педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін ағымдағы оқу жылының 1 қыркүйегіне дейін бірінші басшының бұйрығымен мынадай біліктілік санаттары үшін комиссиялар құрылады:

1) білім беру ұйымдарында: «педагог-модератор»;

2) ауданның (қаланың), облыстық маңызы бар қаланың білім беруді басқару органында: «педагог-сарапшы», «үшінші санаттағы басшының орынбасары», «екінші санаттағы басшының орынбасары», «үшінші санаттағы басшы», «екінші санаттағы басшы»;

3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім беруді басқару органында:

«педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін, «бірінші санаттағы басшының орынбасары», «бірінші санаттағы басшы»;

ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) үшін: «педагог-сарапшы», «үшінші санаттағы басшының орынбасары», «екінші санаттағы басшының орынбасары», «үшінші санаттағы басшы», «екінші санаттағы басшы»;

4) білім беру саласындағы уәкілетті органның жанынан:

«педагог-шебер»;

ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар), салалық мемлекеттік органның ұйымдары үшін: «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «үшінші санаттағы басшының орынбасары», «екінші санаттағы басшының орынбасары», «бірінші санаттағы басшының орынбасары», «үшінші санаттағы басшы», «екінші санаттағы басшы», «бірінші санаттағы басшы».

36. Педагогтерді аттестаттау жөніндегі комиссияның құрамына кемінде
10 (он) жыл жұмыс өтілі бар және «педагог-сарапшы» немесе «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» біліктілік санаттары бар педагогтер; әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымдардың әдіскерлері, қоғамдық және үкіметтік емес және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, білім беруді басқару органдарының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандары кіреді.

37. Комиссияның өкілеттігі қолданыста болған кезеңде аттестаттауға жататын педагогтер Комиссия құрамына кірмейді.

38. Комиссияның өкілеттік мерзімі Комиссия құрамын бекіту туралы бұйрық шығарылған күннен бастап бір жылды құрайды.

39. Комиссия мүшелері тақ саннан (жетіден кем емес) тұрады. Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерінің арасынан сайланады. Комиссия мүшелері Комиссия отырыстарына алмасу құқығынсыз қатысады. Комиссия хатшысы Комиссия отырысына қажетті материалдар мен құжаттарды дайындайды, хаттаманы рәсімдейді және қол қояды. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды.

40. Комиссияның отырысы, егер оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса заңды деп есептеледі.

Дауыс беру нәтижелері Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

41. Комиссия педагогтердің (ұйымның, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшысынан (басшының орынбасарынан) басқа) аттестаттау нәтижелері бойынша келесі тұжырымдармен қорытынды шешім қабылдайды:

1) өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келеді;

2) қолданыстағы біліктілік санатына сәйкес келеді;

3) қолданыстағы біліктілік санатынан төмен біліктілік санатына сәйкес келеді.

42. Комиссия шешімі осы Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес хаттамамен рәсімделеді. Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамадан үзінді көшірме педагогтің электрондық поштасына жіберіледі. Аттестаттаудан өткен педагогтердің тізімі аттестаттаушы органның интернет-ресурсында жарияланады.

 

2-параграф. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

43. Аттестаттау үшін құжаттарды беру осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне (бұдан әрі - Негізгі талаптардың тізбесі) сәйкес жүзеге асырылады.

Аттестаттаудан өту үшін педагог ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен 31 желтоқсанына дейін осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

44. Мемлекеттік қызметті білім беру ұйымдары, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары, Орта білім беру комитеті, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі (бұдан әрі – қызмет көрсетуші) көрсетеді.

45. Мемлекеттік қызмет Платформа арқылы көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушының «Жеке кабинетіне» Платформа арқылы құжаттарды беру кезінде бір жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттаудан өтуге өтінішті қабылдау туралы хабарлама немесе осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы хабарлама келіп түседі.

Өтініш платформа арқылы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі.

Негізгі талаптар тізбесінде көзделген құжаттар топтамасы немесе қолданылу мерзімі өткен құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда, осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама келіп түседі.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының қызмет көрсетуге келісімін алу талап етіледі, сондай-ақ аттестаттаудан өтуге өтінішті, аттестаттау жөніндегі комиссияның шешімін қабылдау туралы көрсетілетін қызметті алушыға автоматты хабарламалар жіберу көзделген.

46. Педагогтің қызметі мен жетістіктерінің дәлелдерін көрсететін материалдар (портфолио) әртүрлі дерекқорлардан құжаттарды (мәліметтерді) жинау және өңдеу арқылы Платформадағы «жеке кабинетте» автоматты түрде қалыптастырылады. 

Педагог өзінің кәсіби қызметінің нәтижелерін қадағалайды, қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау қорытындылары туралы хабарламаны, ПББ нәтижесін, Платформада Комиссия шешімінің хаттамасынан үзінді алады.

47. Қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауды тиісті деңгейдегі Комиссия жүргізеді.

48. Комиссия қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауды жүргізу үшін педагогтің «жеке кабинетіне» Платформада қаңтар мен маусым аралығында немесе қажет болған жағдайда білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімдерде қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Комиссия педагогтің материалдарына (портфолиосына) өзгерістер немесе толықтырулар енгізуге құқылы емес.

49. Комиссия үш жұмыс күні ішінде педагогтің «жеке кабинетінде» осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысының хаттамасынан үзінді көшірмені Платформада орналастырады.

Аттестаттаудан өткен педагогтердің тізімі Платформада орналастырылады.

50. Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабы
2-тармағының 11) тармақшасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.

Осы Заңның 10-бабының 5) тармақшасына, 14-бабының 3) тармақшасына,
23-бабына сәйкес орталық мемлекеттік орган осы Қағидаларға өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.

51. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - шағымды қарайтын орган) жүзеге асырады. 

Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шағымдалған лауазымды тұлғаның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) беріледі.

Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым түскен көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым түскен көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға, егер үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында басқа тәртіп көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының
5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. 

 

 

3-параграф. Педагогтің қызмет нәтижесін кешенді талдамалық жинақтауды өткізудің тәртібі

 

52. Педагог қызметінің және жетістіктерінің біліктілік санатының талаптарына сәйкестігін бағалау үшін қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау жүргізіледі.

Материалдарға (портфолиоға) педагогтің эссесі қосылады. Эсседегі сөздердің саны 250-300 (екі жүз елу – үш жүз) сөзден құралу керек. Эссе тақырыптарын жыл сайын білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

Материалдарды (портфолионы) дайындау кезінде академиялық адалдық қағидаты сақталады.

53. Педагогтер қызметінің нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауды жүргізу үшін әрбір пән бойынша немесе бағыт бойынша жеке Сараптамалық кеңес құрылады. Сараптамалық кеңестің құрамына сараптамалық кеңестің төрағасы мен мүшелері кіреді. Сараптамалық кеңес мүшелерінің саны тақ саннан, кемінде жеті адамнан тұрады. Төраға Сараптамалық кеңес мүшелерінің арасынан сайланады.

54. Сараптамалық кеңестің құрамы бекітіледі:

«педагог-модератор» біліктілік санатына – білім беру ұйымы деңгейінде ұйымдастырылатын, кемінде 10 (он) жыл жұмыс өтілі бар әдіскерлерден, педагогтерден, «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» біліктілік санаттары бар педагогтерден құралған Сараптамалық кеңес;

«педагог-сарапшы» біліктілік санатына - ауданның (қаланың), облыстық маңызы бар қаланың білім беруді басқару органы деңгейінде ұйымдастырылатын, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерінен, кемінде 10 (он) жыл жұмыс өтілі бар педагогтерден, «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» біліктілік санаттары бар  педагогтерден, педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымдарының өкілдерінен тұратын Сараптамалық кеңес;

«педагог-зерттеуші» біліктілік санатына; «педагог-сарапшы» (ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) үшін); «педагог-шебер» (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін – облыстың, республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде ұйымдастырылатын, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерінен, кемінде 10 (он) жыл жұмыс өтілі бар педагогтерден, «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» біліктілік санаттары бар педагогтерден, педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымдарының өкілдерінен тұратын Сараптамалық кеңес;

 «педагог-шебер» біліктілік санатына; «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» (ведомстволық бағынысты ұйымдар, білім беру ұйымдары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар), салалық мемлекеттік орган ұйымдары үшін) - республикалық оқу-әдістемелік кеңесі жанынан ұйымдастырылатын, білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымдарының, салалық мемлекеттік органдардың өкілдерінен, білім беру ұйымдарының кемінде 10 (он) жыл жұмыс өтілі, «педагог-шебер» біліктілік санаты бар педагогтерінен,  педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымдарының өкілдерінен тұратын Сараптамалық кеңес.

55. Қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау үшін ұсынылған материалдарды (портфолиоларды) Комиссия жылына бір рет Сараптамалық кеңеске қарау үшін жібереді.

Педагогтің біліктілік санатын беруге (растауға) арналған материалдары (портфолиосы) осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдау-тапсыру актісі негізінде Сараптамалық кеңеске беріледі.

56. Сараптамалық кеңес осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес педагог материалдарын (портфолиосын) бағалау парағы бойынша портфолионы бағалайды. Орта (арнайы), қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы педагогінің сабағын (сабағын, ұйымдастырылған қызметін, іс-шарасын) бағалау парағы осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес байқау парағына сәйкес бағаланады.

57. Сараптамалық кеңес тиісті деңгейдегі Комиссияға осы Қағидаларға
17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (ағымдағы күнтізбелік жылдың
1 шілдесіне дейін) біліктілік санаттарын беруге (растауға) педагогтердің портфолиосын бағалау парақтарын және қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау қорытындылары бойынша ұсынымдарды жібереді.

58. Комиссия тиісті жылдың қаңтары мен тамыз аралығындағы кезеңі қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауды жүргізеді.

59. Комиссия мүшелері осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес педагогтердің материалдарын (портфолиосын) бағалау парақтарын толтырады. Орта (арнайы), қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы педагогінің сабағын (сабағын, ұйымдастырылған қызметін, іс-шарасын)  бағалау парағы осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес байқау парағы бойынша толтырылады.

60. Педагогтің материалдарын (портфолиосын) қарау кезінде аудио немесе бейнежазба жүргізіледі, ол аттестаттаушы органда кемінде бір жыл сақталады.

61. Қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау материалдары мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келген, бірақ ПББ өтудің шекті деңгейіне жетпеген жағдайда педагогке:

біліктілік санатын растаған жағдайда бір деңгейге төмен;

біліктілік санатын беру жағдайында ПББ нәтижелерінен жоғары емес біліктілік санаты беріледі.

62. Біліктілік санатын беру (растау) біліктілік сипаттамаларына және кәсіптік стандартқа сәйкес біліктілік санатынан өту мерзімдері мен бірізділік принциптерін сақтай отырып жүзеге асырылады:

1) «педагог» біліктілік санатына:

тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар немесе қайта даярлау туралы құжаты бар, бейіні бойынша кемінде бір жыл педагогикалық өтілі бар тұлғалар;

ПББ өткен «педагог-тағылымдамашы», оның ішінде:

педагогикалық лауазымдағы жұмысын қайта бастаған (тиісті бейіні бойынша жалпы педагогикалық өтілі кемінде 1 жыл болған кезде педагогикалық лауазымды қайта бастау мерзімі 5 (бес) жылдан аспайды) және біліктілік санаты жоқ;

білім беру ұйымдарына білім беру саласындағы уәкілетті органнан, білім беруді басқару органдарынан, әдістемелік кабинеттерден, біліктілікті арттыру институттарынан, жоғары оқу орындарынан ауысқан;

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде мамандығы бойынша оқуда (тағылымдамада) болған;

тиісті бейіні бойынша педагогикалық қызметті жүзеге асырған және Қазақстан Республикасына жақын және алыс шет елдерден келген;

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қоса алғанда тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе қайта даярлау туралы құжаты бар білім беру ұйымдарына педагог лауазымына қабылданған біліктілік санаты жоқ тұлғалар;

қосымша білім беру жүйесінде 5 (бес) және одан да көп жыл кәсіби өтілі бар;

оқу пәнінің мазмұнын, білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жеке дамуына арналған педагогика мен психологияның заманауи тәсілдерін біледі;

жоспарлауды жүзеге асырады, әртүрлі әдістерді, оқыту стратегияларын және бағалау құралдарын меңгереді;

танымдық (білім беру) үдерісінің қағидаттарын ескере отырып, сабақ (оқу, қызмет, іс-шаралар) өткізеді және күтілетін нәтижелерге қол жеткізеді, білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) қажеттіліктерін ескере отырып, жеке тәсілді жүзеге асырады;

білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысады;

ата-аналарды (заңды өкілдерді) оқыту (тәрбиелеу) нәтижелері туралы хабардар етеді, әріптестерімен (тәрбиеленуші) білім алушылардың үлгерімін (дамуын) талқылайды;

оқыту тәжірибесін жетілдірудегі өз қажеттіліктерін айқындайды, әріптестерімен өзара іс-қимыл жасайды;

қауіпсіз және қолайлы білім беру (дамыту) ортасының нормаларын, этикалық нормаларды сақтайды;

2) «педагог-модератор» біліктілік санатына:

тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар адамдар, сонымен қатар біліктілігіне сәйкес педагогикалық қайта даярлау туралы құжаты бар, кемінде екі жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіптік құзыреттіліктері бар тұлғалар:

білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, сабақты (оқу, қызмет, іс-шара) жоспарлайды және өткізеді,  күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін бағалаудың қажетті әдістемелері мен құралдарын анықтайды;

қауіпсіз және қолайлы білім беру (дамыту) ортасын қолдайды, өз жұмысында этикалық нормаларды қолданады;

білім алушылармен (тәрбиеленушілермен және ата-аналармен (заңды өкілдермен) оқыту (оқу, тәрбиелеу) нәтижелерін және жақсарту жолдарын талқылайды;

білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескеретін әріптестердің өзекті нәтижелері мен өз тәжірибесін талдайды;

білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге немесе аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беруді басқару органының немесе тиісті саланың уәкілетті органының білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген жоспарына сәйкес білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары бар болады;  

білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге немесе аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беруді басқару органының немесе тиісті саланың уәкілетті органының білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген жоспарына сәйкес білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың қатысушысы болып табылады;

3) «педагог-сарапшы» біліктілік санатына:

тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар адамдар, сонымен қатар біліктілігіне сәйкес педагогикалық қайта даярлау туралы құжаты, кемінде үш жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіптік құзыреттері бар тұлғалар:

«педагог-модератор» біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, бұдан басқа:

 пәнаралық (пәндік) байланыстарды, бағалау технологиялары мен стратегияларын жоспарлайды және қолданады, жеке қабілеттер мен қажеттіліктерді ескереді;

қауіпсіз және қолайлы білім беру (дамыту) ортасын қамтамасыз етеді, өз жұмысында жоғары этикалық нормаларды басшылыққа алады;

білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) қабілеттерінің дамуы мен ілгерілеуін бағалайды және қадағалайды;

білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін дамыту бойынша өз тәжірибесінің нәтижелерін және әріптестердің өзекті зерттеулерін бағалайды;

аудан/қала (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде жұмыстың әртүрлі нысандары арқылы әріптестеріне әдістемелік қолдау көрсетеді;

білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге немесе аудандық (қалалық), облыстық (облыстық маңызы бар қала, астана) деңгейдегі білім беруді басқару органының немесе білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген тиісті саланың уәкілетті органының жоспарына сәйкес аудан/қала (облыстық маңызы бар қала) деңгейіндегі конкурстарға, жарыстарға қатысушылары бар болады;

білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге немесе аудандық (қалалық), облыстық (облыстық маңызы бар қала, астана) деңгейдегі білім беруді басқару органының немесе білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген тиісті саланың уәкілетті органының жоспарына сәйкес аудан, облыс, республикалық маңызы бар қалалар, республика деңгейінде (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) кәсіптік шеберлік конкурстарына қатысушы болып табылады;

4) «педагог-зерттеуші»  біліктілік санатына:

тиісті бейініне сәйкес жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі, кемінде бес жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіптік құзыреттері бар тұлғалар:

«педагог-сарапшы» біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, бұдан басқа:

авторлық технологиялар мен бағалау стратегиялары негізінде оқытудың (оқудың, тәрбиелеудің) кіріктірілген үдерісін жүзеге асырады;

қауіпсіз және қолайлы білім беру (дамыту) ортасын басқарады, әріптестеріне этикалық нормаларды түсінуде қолдау көрсетеді;

педагогикалық қоғамдастық үшін білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) даму мониторингінің нәтижелерін пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлейді;

әріптестерімен бірге сабақты (оқуды, қызметті, іс-шараны) зерттейді және білім беру ұйымдарында оқыту (тәрбиелеу) тәжірибесін жақсарту үшін зерттеу нәтижелерін таратады;

облыс деңгейінде (кемінде 3 (үш) ауданды/ қаланы қамти отырып); республикалық маңызы бар қалалар мен Астанада, республикада (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) тәжірибені таратады;

білім басқармасы жанындағы оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқу-әдістемелік кешендерді, бағдарламаларды әзірлейді және енгізеді;

тәлімгерлікті жүзеге асырады;

білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге және облыстық деңгейдегі білім беру органының (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) немесе білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген тиісті саланың уәкілетті органының жоспарына сәйкес облыс, республикалық маңызы бар қалалар, республика деңгейінде (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар және салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) кәсіптік шеберлік конкурстарына қатысушы немесе педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша жаттықтырушы (қолданыстағы сертификаты бар) болып табылады;

білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге немесе облыстық деңгейдегі білім беру органының (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) немесе білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген тиісті саладағы уәкілетті органның жоспарына сәйкес облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астана, республика (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары бар;

5) «педагог-шебер» біліктілік санатына:

тиісті бейіні бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі, кемінде алты жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіби құзыреттіліктері бар тұлғалар:

«педагог-зерттеуші» біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар:

тәжірибені зерттеу нәтижелерін ескере отырып, оқытудың (оқудың, тәрбиелеудің) кіріктірілген үдерісін  жоспарлайды және жүзеге асырады;

қауіпсіз және қолайлы білім беру (дамыту) ортасын құру бойынша тиімді тәжірибені таратады, этикалық нормаларды сақтаудың үлгісі болып табылады;

педагогикалық қоғамдастықта білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) дамыту бойынша ынтымақтастықтың тиімді тәжірибесін таратады;

білім беру ұйымдарындағы зерттеулерді үйлестіреді, нәтижелерді педагогикалық қоғамдастыққа таратады, әріптестерінің кәсіби дамуына қолдау көрсетеді;

білім беру саласындағы уәкілетті орган жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқу-әдістемелік кешендерді немесе бағдарламаларды немесе әдістемелік материалдарды әзірлейді және тәжірибеге енгізеді немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар тізіміне енгізілген жарияланған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (бірлескен авторы) болып табылады;

білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге немесе білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген тиісті саладағы уәкілетті органның жоспарына сәйкес республикалық немесе халықаралық деңгейдегі кәсіптік шеберлік конкурстарына қатысушы немесе педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша жаттықтырушы (қолданыстағы сертификаты бар) болып табылады;

білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес республика деңгейінде немесе халықаралық деңгейде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға, чемпионаттарға қатысушылары болады;

республикалық деңгейдегі ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының республика деңгейінде ұйымдастырған педагогтері үшін (кемінде 3 облысты қамти отырып) тәжірибені таратады.

63. «Екінші санат», «бірінші санат», «жоғары санат» біліктілік санаттары бар педагогтер өтініш негізінде осы Қағидаға сәйкес тиісінше немесе жалпы негіздерде «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» біліктілік санатын беру үшін біліктілік бағалауынан, ПББ-дан,  қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтаудан өтеді.

Мәлімделген біліктілік санаттарына өтпеген педагогтерге санат ПББ нәтижелері негізінде беріледі. «Педагог-модератор» біліктілік санатын беру үшін ПББ ұпайлары жеткіліксіз болған жағдайда, педагогке «педагог» санаты беріледі.

64. Педагогтер біліктілік санатын беруге (растауға) кезекті аттестаттау кезінде өтініші негізінде біліктілік бағалауынан, ПББ-дан, қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтаудан өтеді.

65. Біліктілік санаттарын сақтай отырып, аттестаттау педагогтердің өтініші негізінде, екі жылдан аспайтын мерзімге келесі жағдайларда жүзеге асырылады:

1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әлеуметтік мәні бар аурулар мен айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар тізбесіне енгізілген аурулар бар болған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық кезінде;

2) жүктілігі және босануы, бала күтімі жөніндегі демалыстан шыққаннан кейін, оның ішінде жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлер үшін ол үш жасқа толғанға дейін;

3) білім беру саласындағы уәкілетті органнан, білім беруді басқару органдарынан, әдістемелік кабинеттерден (орталықтардан), педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымдарынан, біліктілікті арттыру институттарынан білім беру ұйымдарына ауысқан тұлғаларға;

4) педагогикалық қызметті жүзеге асырған және Қазақстан Республикасына жақын және алыс шет елдерден келген тұлғаларға беріледі; 

5) егер педагогтің біліктілік санатының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бір жыл қалса, ал педагог Қазақстан Республикасының ішінде басқа білім беру ұйымына ауысса.

66. Жасы зейнеткерлікке төрт жылдан аз қалған педагогтер аттестаттау рәсімінен босатылады. Тағайындалған біліктілік санаты оның берген өтініші негізінде зейнеткерлік жасқа толғанға дейін сақталады.

Зейнеткерлікке шыққаннан кейін педагогикалық қызметті жүзеге асыруды жалғастыратын зейнеткерлік жастағы педагогтер осы Қағиданың 9-тармағына сәйкес аттестаттау рәсімінен өтеді.

67. Педагогтерге біліктілік санатын беру білімі туралы дипломда немесе педагогикалық қайта даярлау туралы құжатта көрсетілген мамандыққа (біліктілікке) сәйкес немесе (бірінші басшылар, басшылардың орынбасарлары, бөлім басшылары (меңгерушілер), білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың)  әдіскерлері, арнайы педагогтер, мектепке дейінгі ұйымдар педагогтері үшін) атқаратын лауазымы бойынша тиісті біліктілік беріле отырып жүзеге асырылады.

68. Білімі туралы дипломда бір мамандық ретінде көрсетілген пәндерді оқыту кезінде біліктілік санатын беру негізгі лауазым бойынша жүргізіледі.

Негізгі лауазым бойынша берілген біліктілік санаты білімі туралы дипломда бір мамандық ретінде көрсетілген оқытылатын пәндерге де қолданылады.

69. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының (оқу-өндірістік комбинаттары) педагогтеріне кезекті біліктілік санатын беру (растауды) оқытатын бейіні немесе атқаратын лауазымына сәйкес өтеді.

«Педагог (оқытушы)» лауазымы бойынша берілген біліктілік санаты «бөлімше меңгерушісі», «өндірістік оқыту шебері», «аға шебер» лауазымдарына қоса атқару немесе қоса атқару шарттарында педагогикалық қызмет ауысқан немесе жүзеге асырылған кезде сақталады.

«Бөлімше меңгерушісі», «өндірістік оқыту шебері», «аға шебер» лауазымдары бойынша берілген біліктілік санаты «педагог (оқытушы)» лауазымына ауысқан және қоса атқару немесе қоса атқару шарттарында педагогикалық қызметті жүзеге асырған кезде сақталады (таратылады).

70. «Көркем еңбек», «Еңбекке баулу» пәні бойынша сабақ беретін педагогтер «Технология», «Бейнелеу өнері», «Сызу» мамандықтары бойынша; «Графика және жобалау» пәні бойынша – «Бейнелеу өнері», «Сызу», «Информатика» мамандықтары бойынша дипломмен аттестаттаудан өтеді, сондай-ақ бұрын берілген біліктілік санатына сәйкес кәсіптік оқуы ескеріледі.

71. Педагог жоғары оқу орындарында немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандарды кәсіптік даярлау жүзеге асырылмайтын пәндерді оқытқан жағдайда оның бұрын алған санаты сақталады. Кезекті біліктілік санатын беру біліктілікті арттыру туралы құжаты болған жағдайда жалпы негізде жүзеге асырылады.

72. Бір білім беру ұйымынан басқа білім беру ұйымына немесе әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыратын ұйымға ауысқан кезде немесе педагогикалық қызметті қоса атқару немесе қосымша атқару шарттарында жүзеге асырған кезде немесе педагогтің қызмет бейініне сәйкес білім беру ұйымында педагогті басқа лауазымға тағайындаған кезде қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданыстағы біліктілік санаты сақталады.

 

 

4-параграф. Педагогтерге біліктілік санаттарын мерзімінен бұрын беру (растау) тәртібі

 

73. Қызметтің тиісті нәтижелері болған кезде кезекті аттестаттаудан кейін кемінде 2 (екі) жыл өткен соң біліктілік санатын мерзімінен бұрын беруге жол беріледі.

1) «педагог-сарапшы» - педагог кемінде төрт талапқа сәйкес болуы тиіс:

білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе облыстық деңгейдегі білім беруді басқару органы немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық деңгейлердегі кәсіптік шеберлік конкурстарының жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады;

білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе облыстық деңгейдегі білім беруді басқару органы немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық деңгейдегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, чемпионаттардың жеңімпазын немесе жүлдегерін дайындаған педагогтер;

аудандық/қалалық деңгейдегі «Үздік педагог» атағына ие болған;

облыс, республикалық маңызы бар қалалар, республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды (ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін);

облыс, республикалық маңызы бар қалалар, республика деңгейінде (ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) педагогтер үшін іс-шаралар өткізуге қатысады;

С1 (CEFR) деңгейінде ағылшын тілін меңгерген және пәндерді ағылшын тілінде оқытатын адамдар;

бейіндік пән бойынша халықаралық дәрежедегі кандидат немесе спорт шебері болып табылатын адамдар;

бейіні бойынша жоғары біліктілік разряды бар өндірістік оқыту шеберлері.

2) «педагог-зерттеуші» - педагог кемінде бес талапқа сәйкес болуы тиіс:

білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес республикалық, халықаралық деңгейде кәсіби шеберлік конкурстарының жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады;

білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес республикалық, халықаралық деңгейдегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, чемпионаттардың жеңімпазын немесе жүлдегерін дайындаған адамдар;

білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің және оқу-әдістемелік құралдардың тізбесіне енгізілген жарияланған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болып табылады;

Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқу-әдістемелік кешеннің немесе бағдарламаның немесе әдістемелік материалдардың авторы болып табылады;

білім басқармасы жанындағы оқу-әдістемелік кеңесте облыс, республикалық маңызы бар қалалар, республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды (ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін);

облыстық деңгейдегі «Үздік педагог» атағына ие болған;

ғылым кандидаты/докторы немесе PhD ғылыми докторы дәрежесі және кемінде үш жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар.

3) «педагог-шебер» - педагог кемінде алты талапқа сәйкес болуы тиіс:

білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес халықаралық деңгейдегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, чемпионаттардың жеңімпазын немесе жүлдегерін дайындаған;

білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарының жеңімпазы немесе жүлдегері болып табылады;

Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқу-әдістемелік кешеннің немесе бағдарламаның немесе әдістемелік материалдардың авторы болып табылады;

білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің және оқу-әдістемелік құралдардың тізбесіне енгізілген жарияланған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болып табылады;

білім беру саласындағы уәкілетті органның жанындағы оқу-әдістемелік кеңесте республикалық деңгейде тәжірибені таратады;

ғылым кандидаты/докторы немесе PhD докторы дәрежесі және кемінде бес жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар;

Қазақстан Республикасының «Үздік педагогі» атағына ие болған адамдар.

Комиссия «мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келмейді» деген шешім қабылдаған кезде мерзімінен бұрын аттестаттау кезінде қолданыстағы біліктілік санаты қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.

 

 

5-параграф. Білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшыларын, басшы орынбасарларын аттестаттаудан өткізу тәртібі

 

74. Білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшысының біліктілік санаты үш жылға, білім беру ұйымының, әдістемелік кабинет (орталық) басшысы орынбасарларының біліктілік санаты бес жылға жарамды.

Білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталық) бірінші басшысы, білім беру ұйымы, әдістемелік кабинет (орталық) басшысының орынбасары біліктілік санатының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін алты ай бұрын осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

75. Тиісті деңгейдегі аттестаттау органының персоналды басқару қызметі жыл сайын қыркүйектің бірінші онкүндігінде аттестатталатын білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) бірінші басшылардың, басшы орынбасарларының алдағы күнтізбелік жылға тізбесін айқындайды және сәйкес деңгейдегі Комиссияға жібереді.

76. Бастапқы аттестаттау рәсіміне қатысатын білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшысы, білім беру ұйымы, әдістемелік кабинет (орталық) басшысының орынбасары ПББ нәтижелеріне және қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауға сәйкес кезектілікті сақтамай біліктілік санатын беруге өтініш беруге құқылы. Кейінгі аттестаттау бірізділік принципіне сәйкес жүргізіледі.

77. Комиссия білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімдерде аттестаттауды өткізу кестесіне сәйкес қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауды жүргізеді.

78. Комиссия мүшелері осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нұсқаулық бойынша білім беру ұйымдары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) бірінші басшыларының, басшы орынбасарларының  материалдарын (портфолио) бағалау парақтарын толтырады, осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес аттестатталушының қызметінің нәтижелерін таныстырумен әңгімелесу өткізеді.

Портфолионы қарау кезінде аудио немесе бейнежазба жүргізіледі, ол аттестаттаушы органда кемінде бір жыл сақталады.

79. Білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшыларын, басшылардың орынбасарларын кезекті аттестаттау нәтижелері бойынша Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келеді;

қолданыстағы біліктілік санатына сәйкес келеді;

мәлімделген біліктілік санатынан төмен біліктілік санатына сәйкес келеді;

біліктілік санатына сәйкес келмейді (қайта аттестаттауға жатады).

Комиссияның шешімі осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен рәсімделеді.

80. Білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшысы, басшының орынбасары осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келесі біліктілік санатын беруге тиісті деңгейдегі комиссияға қызмет нәтижелерінің мәлімделген біліктілік санатына сәйкес екі жыл ішінде үздіксіз қол жеткізу негізінде мерзімінен бұрын өтініш беруге құқылы.

«Мәлімделетін біліктілік санатына сәйкес келмейді» шешімін қабылдаған кезде Комиссия үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия отырысының хаттамасынан үзінді көшірмені Платформадағы «жеке кабинетте» орналастырады. Бұл ретте қолданыстағы біліктілік санаты сақталады.

81. «Басшы-ұйымдастырушы» біліктілік санаты «үшінші санаттағы басшы» біліктілік санатына; «басшы-менеджер» біліктілік санаты «екінші санаттағы басшы» біліктілік санатына; «басшы-көшбасшы» біліктілік санаты «бірінші санаттағы басшы» біліктілік санатына теңестіріледі.

82. Білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшысы, басшының орынбасары бір білім беру ұйымынан екіншісіне ауысқан кезде қолданыстағы біліктілік санаты басшы, басшының орынбасары лауазымындағы қызмет мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.

Бірінші басшы білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымына және керісінше ауысқан кезде басшының (басшының орынбасарының) қолданыстағы біліктілік санаты келесідей лауазымдар бойынша біліктілік санаттары шеңберінде оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады:

«бірінші санатты басшы» - «бірінші санаттағы басшының орынбасары»;

«екінші санаттағы басшы» - «екінші санаттағы басшының орынбасары»;

«үшінші санаттағы басшы» - «үшінші санаттағы басшының орынбасары».

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 5392


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст