"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлттық бірыңғай тест - 2020

15.06.2020

2020 жылғы 15 сәуір 10 мамыр аралығында онлайн және офлайн тәртіпте Ұлттық бірыңғай тест тапсыру үшін Ақкөл ауданы бойынша 116 түлек өтінім білдірді.

Биылғы жылы ҰБТ тапсыру форматы өзгеріссіз қалады, тест қағаз жүзінде тапсырылады, 3 негізгі пәннен ( Оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, Қазақстан тарихы) және 2 таңдау пәннен тапсырады. ҰБТ уақыты 3 сағат 50 минуттан 4 сағатқа өзгерді. Осы жылы түлектерден тыйым салынған заттар табылса, балалар әрі қарай тестке кіргізілмейді және ағымдағы жылы ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылады. Ал шекті балды жинай алмай қалғандар ақылы тестілеуге қатыса алады. Биыл педагогикалық мамандықтарға түсушілер үшін талап күшейді. Енді 70 балл жинағанда ғана, педагог болуға болады. Ұлттық жоғары оқу орындарына немесе медициналық мамандықтарға 65 балл, агроөнеркәсіп кешені мамандықтарына 60 балл, қалған жоғары оқу орындарына 50 балл. Білім министрлігі тестілеу кезінде калькуляторға рұқсат берді. Бірақ, түлектер оны өздерімен бірге алып кіре алмайды. Яғни калькулятор ҰБТӨП – нде беріледі. Сонымен қоса, ҰБТ уақыты 3 сағат 50 минуттан 4 сағатқа өзгерді. Осы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуде 11- сыныптағы төртінші тоқсан бағдарламасының сұрақтары кездеспейді.Талапкерлер ҰБТ-ға жақсы дайындалуы үшін Ұлттық тест  орталықтың сайтында 70 нұсқа тесттерін алдын ала ақысыз берілді. Түлектер бұл сынама тестілерді тапсыру мүмкіндігіне ие болды және тапсырды. ҰБТ – ға қатысушы түлектердің ата – аналары тест өтетін ғимарат алдында балаларын күтіп тұрмайды, оған рұқсат жоқ. Ата – аналар үйінде онлайн көрсетілім арқылы бақылап отыруы керек. Оған қоса биылғы түлектер мектепте тапсыратын қорытынды емтихандардан мамыр айының соңында босатылды. Осы шаралардың барлығы түлектер үшін үлкен қолдау екені сөзсіз.

2020 жылғы ҰБТ Ж.Бектұров атындағы №3 Ақкөл орта мектебі базасында орналасқан 797  ҰБТТП № 98 филиалында 3  лекпен  2020 жылғы 22, 23, 24 маусымда өтеді деп жоспарланып отыр.

22 маусымда 16 түлек, 23 маусымда 64 түлек, 24 маусымда 36 түлек ҰБТ тапсырады.  

2020 жылғы ҰБТ өткізу үшін 10 аудитория (9+1 сақтық қор) жұмыс жасайтын болады, аудиториялар 2-қабатта орналасқан, барлық аудиториялар желдеткішпен жабдықталған.Бейнебақылау жүргізілетін болады, сонымен қатар екінші қабаттың дәліздерінде 8 стационарлық ұялы байланыс сигналдарын басушы құралдары қойылады.

Степногор қ. Сараптама орталығымен байланыс сигналдарын басушы электромагниттік өрістерін өлшеу жүргізіліп, үлгілердің нысанға сәйкестігі туралы қорытынды  жасалып, хаттама толтырылды.

ҰБТ-ға кірерде барлық санитарлық – эпидемиологиялық  талаптар сақталады. ҰБТ – ға кірерде және өткізу барысында тестіленушілердің арасында 2 метр қашықтық сақталатын болады.  Тестілеу өткізілетін күні мектеп бітірушілерді Ж.Бектұров атындағы №3 Ақкөл орта мектебіне  кіргізгенде кіреберісте тепловизормен дене температурасы өлшеніп,  доғалы және қол металл анықтағыштар қолданылады. ҰБТ – ға қатысушылар зарарсыздандыру туннелі арқылы өтеді. Сонымен қатар кіреберіске аяқ киімді зарарсыздандыруға арналған кілемшелер төселеді. Медициналық пунктер жұмыс жасайды. Кіреберіске және ҰБТ өткізілетін аудиторияларға санитайзерлер, бактерицидтік лампалар және қолданылған маскаларға арналған жәшіктер орнатылады. Барлық қатысушылар маскалармен және медициналық қолғаптармен қамтамасыз етіледі.

ҰБТ өткізуді тікелей трансляциялауға арналған экран қойылады.

№3 АОМ аумағында резерв электр жүйесімен қамтамасыз ету үшін автокран қойылатын болады.

22 маусымда 5 елді мекеннен 16 түлек, 23 маусымда 2 елді мекеннен 5 түлек, 24 маусымда 4 елді мекеннен 14 түлек ҰБТ тапсыруға келеді. Түлектерді тасымалдауға 11 автокөлік қамтылады. Ауылдық елді мекеннен келетін  ҰБТ тапсыратын  35 түлек тегін тасымалдаумен қамтамасыз етіледі.

«Ақкөл аудандық білім бөлімі» ММ-сі АТК-10 директоры Дүйсекенов Абай Серікұлымен ынтымақтастығы жалғасып келеді. Колледждің базасында тестілеуден бір күн бұрын,  алыс мектептерден келген түлектерді және екі мұғалімді орналастыру және төрт мезгіл тамақтандыруды ұйымдастыру үшін екі жақты келісімшарт жасалды. Бұлар Минск ОМ (3түлек) және Искра ОМ (4түлек) келетін 7 түлек.

 ҰБТ тапсыратын күні Ж.Бектұров атындағы №3 АОМ негізінде мектеп асханасында тестіленушілерді тегін  тамақтандыру ұйымдастырылатын болады.

 

Просмотров: 618


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст