"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Абай Құнанбаевқа арналады

10.08.2020

Ұлы  ақын, философ,  қаламгер, аудармашы, сазгер,  қазақ  əдебиетінің   негізін  қалаушы- Абай Құнанбаевтың  175 жылдығына  орай  республика  көлемінде  ' Абай  күні'  2020 жылы  10 тамыз  күні  аталып  өтуде.  Ақкөл  аудандық  білім  бөлімі тарапынан   Абай  Құнанбаевтың  мерейтойына  арналған  жылдық  жұмыстар   жоспарланып,  өткізіліп  отыр.  ' Абай  - ұлы  тұлға'   челленджге  Өрнек  орта  мектебі, Минск  орта  мектебі, Еңбек  орта  мектеп - бақшасы,  Кирдищев  орта  мектебі- бақшасы,   Азат  орта  мектебі, #2 Ақкөл  орта  мектебі, Горький  атындағы  орта  мектеп- бақшасы, Кеңес  орта  мектебі, Наумов  орта  мектебі, Краснобор  негізгі  мектептері    белсенді  қатысты. Ең  үздік  деп  танылған  #2 Ақкөл  орта  мектебінің  жəне  Азат  орта  мектебінің  жұмыстары  облыстық  сайысқа  жіберілді. Бүгін   барлық  білім  мекемелерінде,  білім  ұйымдарында,   балабақшаларда, қосымша  білім  беру  ұйымдарында  ' Абай  күні' аталып  өтуде. Нəтижесі  əлеуметтік  желілерде  көрініс табуда.  Сілтемелер  жоғары  тұрған  ұйымдарға  жіберіліп  отыр.  Бүгін  Кеңес  орта  мектебінің  қазақ  тілі  мен  əдебиеті  пəнінің  мұғалімі  Аскенова  Гүлжанар  Есламбекқызы  отбасы  мүшелерімен '  Абай - ұлы  есім' викторинасына  қатысатын  болады. Сəттілік  тілейміз!

Просмотров: 445


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст