ҚР Тұңғыш Президенті қоры мен «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры Елбасының «Ел Yмiтi» бастамасын жүзеге асыру аясында «Myń Bala» Ұлттық олимпиадасының бірінші, екінші кезеңінің қорытындысын жариялады.
24 ақпанда басталған олимпиадаға еліміздің ауыл мектептеріндегі 5 және 6-сыныптың оқушылары қатысты. Алғашқы кезеңде биылғы оқу жылының І және ІІ тоқсандарындағы «Математика», «Жаратылыстану», «Информатика», «Қазақ тілі», «Орыс тілі» және «Ағылшын тілі» пәндері үлгерімінің нәтижесі бойынша 5000 оқушы іріктелді. Бірінші кезеңнен сәтті өткен үміткерлер олимпиада қатысушысы сертификатына ие болып, екінші кезеңге жолдама алды.
«Екінші кезеңде функционалдық сауаттылық пен абстаркты-логикалық ойлауды бағалайтын компьютерлік тестілеу нәтижесі бойынша 1000 бала іріктеледі. Таяуда Елордамыз Астана қаласында «Мың бала» республикалық мәдени — ағарту жобасының тестілеу ІІ кезеңі 20-21 тамыз күндері Нұр- Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өтті. Екінші кезеңдегі сынақтың ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз ету мақсатында мүдделі тараптар үшін бейне-трансляция ұйымдастырылды. Жыл бойы бес бағытта еліміздің түкпір-түкпірінде жұмыс жасаған бұл бағдарламаның орны да ерекше. Өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге, салт-дәстүрге, ұлттық танымға деген қызығушылығын ұштайтын бағдарламаға өңірлерден мыңдаған балалар қатысып, бақтарын сынады. Біздің ауданнан бірінші кезеңнен табысты өткен 8 оқушы қатысуға тиіс болды. Пандемияға байланысты ата – анасының рұқсаттауымен 5 оқушы қатысты. Кеңес орта мектебінен 5- сынып оқушысы Болатбек Алғыс, Искра орта мектебінен 5- сынып оқушысы Ильяс Ақерке, Азат орта мектебінің 6- сынып оқушысы Марченко Дарья, Еңбек орта мектебінен 6- сынып оқушылары Колесова Алена, Куванова Кристина табысты қатысты.
1000 жеңімпаз оқушының тізімі 2020 жылдың 10 қыркүйегінде интернет ресурсында жарияланады. Ең жоғары ұпай жинаған жеңімпаздарға дарынды балаларға арналған мектепте білімін жалғастыру және Нұр-Сұлтан қаласында жазғы лагерьде қатысу ұсынылады.
Жеңімпаз оқушыларымызға сәттілік тілейміз!
Ақкөл аудандық білім
бөлімінің әдіскері Ханша Ахтышханқызы