Биылғы оқу жылын Қазақстан Республикасы халқының тілдері күні мерекесіне орай онкүндік аудан әкімінің, облыстық білім басқармасы басшысының бекіткен жұмыс жоспары негізінде 2020 жылғы 7 қыркүйектен 17 қыркүйек аралығында өткізіліп, соңы тілдер фестиваліне ұласады деп жоспарланып отыр. Аудан мектептерінде тіл күндігі қыркүйек және наурыз айларында 2 рет дәстүрлі түрде өткізіледі.
Онкүндік барысында әр түрлі іс- шаралар мемлекеттік тілде өткізілумен қатар мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында «Мемлекеттік тіл - өркениеттің белгісі» тақырыбында іс – шара жоспарланып өткізіледі.
Мақсаты:Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрмет сезімдерін қалыптастыру, тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру.
Оқушылардың дарындылығын дамыту мақсатында әр түрлі шығарма сайыстарын, әдеби оқулар, дебаттар, ақындар мүшәйрасы, сайыстар ұйымдастырумен қатар облыс деңгейіндегі сайыстарға оқушылар қатысады.
Білім мекемелерінде Қазақстан республикасы халқының тілдері күні мерекесінің салтанатты ашылуын өткізілді. «Абайды сүй, тағы да сүй....» қазақ сыныптары арасында поэзия кеші 14 қыркүйекте, «Абайды оқы таңырқа..» 15 қыркүйек күні өткізілсе, 16 қыркүйек күні «Чтения Пушкина», «Тілдарыны» 3 тілде сайыс 16 қыркүйек күндері өткізілетін болады. «Туған өлке, туған тілдің қадірі» байқауы, «Жыр керуені» марафон поэзия челленджі 7- 20.09 аралығында өткізілсе, осы күндері өзге ұлт өкілдері арасында патриоттық әндер сайысы өткізіледі деп жоспарланып отыр.