2020-2021 оқу жылында туындаған эпидемиологиялық ахуалға байланысты еліміздің барлық мектептерінде, тек шалғайдағы шағын жинақталған мектептер мен 1-4 сынып оқушылары үшін барлық санитарлық нормалар сақталып, кезекші сыныптар ашылды, ал 1-11 сыныптары үшін оқыту қашықтан оқыту форматында басталды. Қашықтан оқыту мәселелерін шешу бойынша 16 қыркүйекте Ақкөл ауданының №3 АОМ базасында Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыру-талдау және курстық дайындық бөлімінің жетекшісінің міндетің атқарушы Кожахметова Сұлушаш Тельмайевнаның басшылығымен Көкшетау қаласы мектептері педагогтерінің жұмыс тобының қатысуымен аудан мектептерінің педагогтері үшін кеңес өткізілді. Кеңес барысында мектеп әкімшілігімен сабақ сапасын мониторингтеу, қашықтан оқыту режимінде педагогтердің өзара сабаққа қатысуы, оқушылармен жеке жұмыс жүргізу мәселелері талқыланды. Белицкая Анна Васильевна- Көкшетау қ., №13 ЭМГ информатика мұғалімі формативті бағалауда балдық жүйені қолдану мәселесі бойынша жан-жақты түсіндіріп берді. Күнделік КZ жүйесі және «онлайн-мектеп» интернет-платформасында жұмыс жүргізу бойынша №1 АОМ оқу ісі бойынша директордың орынбасары Құрымбаева Жанар Жагыпаровна өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Диалог формасында құрылған кеңес жоғары әдістемелік деңгейде өткізілді. Барлық қойылған сауалдарға тиісті жауаптар алынды.
Ақкөл аудандық білім бөлімінің аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі А.Жаншүгірова