Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Ақкөл ауданының орыс мектептерінде оқитын өзге ұлт өкілдерінің арасында «Абай – қазақтың бас ақыны» тақырыбында онлайн-байқау өтті. Байқау «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» және «Көңілім әнді ұғады» номинациялары бойынша жүргізілді. Бұл байқауға 11 мектептен (№1 АОМ, №2 АОМ, № 4 АОМ, Еңбек ОМ, Кирдищев атындағы ОМБ, «Наумов ОМБ» КММ, Азат ОМ, Горький атындағы ОМБ, Краснобор НМ, Искра ОМ, Одесса ОМ) 27 оқушы қатысып, өнерлерін ортаға салды.
Байқау қорытындысы бойынша «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясында:
1-орын Бондаренко Полина, №2 АОМ, 9 «б» сынып оқушысы. Жетекшісі: Шугубаева Г.Б.
2-орын Березниченко Наталья, Искра ОМ, 8-сынып оқушысы. Жетекшісі: Буркитбаев М.Р.
3-орын Шакурова Марьям, Одесса ОМ, 9-сынып оқушысы. Жетекшісі: Сакенова Ә.Қ.
3-орын Джабарова Антонина, Горький атындағы ОМ, 7-сынып оқушысы. Жетекшісі: Абдрахманова Б.О.
3- орын Жижикина Анастасия, № 4 АОМ, 10- сынып оқушысы. Жетекшісі: Байназарова С. Д.
«Көңілім әнді ұғады» номинациясында:
2-орын Рользинг Ульяна, №4 АОМ, 7- сынып оқушысы. Жетекшісі: Умурзакова А.А.
3-орын Бекенова Нина, Наумов ОМ, 8-сынып оқушысы. Жетекшісі: Исенова Г.К.
3-орын Корнеева Татьяна, Краснобор НМ, 6-сынып оқушысы. Жетекшісі: Жумабекова У.С.