Текст
7 қазанда Ақкөл аудандық білім бөлімінің әдіскері Шайтекей Нұржан аудан мектептерінің оқу ісінің меңгерушілерімен мектеп жасындағы оқушылардың жалпы оқумен қамтылуы туралы онлайн режимде семинар өткізді.
Семинар барысында «Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру қағидалары туралы» Қазақстан Респцбликасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 11 шілдедегі №324 бұйрығы, оның ішінде оқушылардың 10 немесе одан көп күн сабақты себепсіз босатуы, оның салдары, оқушылардың ата – аналары мен заңды өкілдеріне қолданылатын әкімшілік жаза туралы талқыланды