"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Заманауи педагогикалық технологиялар негізінде бастауыш сыныптардағы білім беру процесін жетілдіру" тақырыбында аудандық семинар

20.10.2020

Заманауи педагогикалық технологиялар негізінде бастауыш сыныптарда білім беру процесін жетілдіру
20 қазан күні Ақкөл ауданында "Заманауи педагогикалық технологиялар негізінде бастауыш сыныптардағы білім беру процесін жетілдіру" тақырыбында аудандық семинар өтті, оған бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Семинардың мақсаты заманауи педагогтың педагогикалық құзыреттілігінің көрсеткіші ретінде заманауи технологияларды қолдану қажеттілігі мен мүмкіндігін ұғыну.
Ақкөл аудандық білім бөлімінің әдіскері М.К. Калиеваға кіріспе сөз берілді, ол қатысушыларды құттықтап, оқу процесінде сақталуы тиіс санитарлық нормаларды қайта түсіндірді.  
А.Құсайынов атындағы орта мектептің мұғалімі Б. Т. Алшинова "Санитарлық нормаларды сақтай отырып, заманауи педагогикалық технологияларды сабақта қолдану"тақырыбында баяндама жасады. Бақыт Тоқтарқызы санитарлық нормаларды сақтай отырып, штаттық оқыту кезінде қандай технологияларды қолдануға болатынын мысалға келтірді.
Дегтерева Ольга Михайловна № 2 Ақкөл орта мектебінің мұғалімі "Инновациялық технологиялар көмегімен оқушылардың сөйлеу әрекетін дамыту" баяндамасымен сөз сөйледі, оқушылардың сөйлеу әрекетін дамытуға көмектесетін сан алуан технологиялар көп екенін атап өтті және Инсерт, синквэйн, ТРИЗ технологиясын мысалға келтірді.
«Оқушылардың оқуға ынтасын қалыптастыру әдіс-тәсілдерін арттыру жолдары» тақырыбында Ниетхан Анаргүл Кирдищев атындағы орта мектебінің мұғалімі  сөз сөйледі. Ниетхан Анаргүл әріптестеріне заманауи  технологиялардың көмегімен оқушылардың оқу процесіне деген қызығушылығын дамытып, оқыту технологиялары мен әдістерін таңдауға байыпты қарау керектігін еске салды, өйткені әдіс – тәсілдерді дұрыс таңдағанда біз қызығушылықты дамытып қана қоймай, сабақтың мақсатына оңай жетуге көмектесеміз.
Темирханова Милана Нурмагомедовна Новорыбин орта мектебінің  мұғалімі " Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, математика сабақтарында математикалық сауаттылықты дамыту"тақырыбында баяндама жасады.Ол осы пәнді оқыту тәжірибесімен бөлісті.
Барлық қатысушыларға алғысты білдіріп,зор денсаулық, шығармашылық табысты тілеймін.

Просмотров: 486


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст