"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Формативтік бағалау, БЖБ және ТЖБ туралы

30.10.2020

2020 – 2021 оқу жылының 1 тоқсаны бойынша 28 қазаннан ТЖБ өткізіліп жатыр.

 Формативтік бағалау, оның ішінде үй жұмысын бағалау білім алушылардың оқу мақсаттарына қол жеткізуіне мониторинг жүргізу және сабақта сараланған жұмысты одан әрі құру үшін жүргізіледі және педагогтің ұсыныстары арқылы жазбаша нысанда (дәптерлерде немесе күнделіктерде) немесе ауызша жүзеге асырылады.

Тиісті мемлекеттік органдардың шектеу шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде білім алушылардың оқу жетістіктері балл қою арқылы формативті бағаланады. 2-11 (12) сынып білім алушыларының оқу жетістіктерін бағалау бір балдан 10 балға дейінгі шекте жүзеге асырылады.

Тоқсандық баға формативті бағалау, БЖБ және ТЖБ  қорытындысының негізінде 50%-да 50% пайыздық арақатынаста қойылады.

Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде жартыжылдыққа баға формативті бағалау және БЖБ нәтижесі бойынша қойылады. 

Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда тоқсандық баға  формативті бағалауды, бір БЖБ мен ТЖБ нәтижелерін ескеріп қойылады.

  1-сыныпта жылдық баға қойылмайды.

Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру қорытындысымен сол сыныпта қайтадан оқытуға ұсыныс берілген және/немесе баланың ата-анасының немесе заңды өкілдерінің келісімімен орнында қалдырылатын білім алушыларды қоспағанда 1-сынып білім алушысы оқу жылын қайта оқуға орнында қалдырылмайды.

Просмотров: 676


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст