2024 жылы 5 қыркүйек күні Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі ашылуы Ақкөл ауданының барлық білім ұйымдарында салтанатты түрде атап өтілді. Аудандағы білім ұйымдарының ұстаздары, оқушылары, тіл жанашырлары аудандық іс – шараларға да белсенді қатысты.
Аудандық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Тілдер онкүндігі аясында дәстүрлі түрде өтілетін «Тіл – қаруы – сөз, сөз қаруы- ой» интеллектуалдық ойынына қала және ауыл мектептерінің ұстаздарынан құралған 4 топ қатысып, көптің көңілінен шықты.
Сайыс нәтижесінде Ж. Бектұров атындағы № 3 жалпы орта білім беретін мектебінің командасы Гран при (Пермахан Нұртілеу- топ басшысы, Қыпшақбай Жолбарыс, Қуандыков Кеңпейіл, Орынбай Шынар), 1- орын Жалғызқарағай ауылының Кирдищев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің командасы (Төлеубек Еркегүл - топ басшысы, Танхай Саулеш, Азамат Арайлым, Нарау Гүлмерей), 2- орын Ақкөл қаласының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің командасы (Пермахан Тілеуберді- топ басшысы, Тілеухан Арманбек, Удешева Камила Ерулановна, Шотыбаева Айгүл Амангелдиновна), 3- орын Азат ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің командасы (Саяхат Аманжан - топ басшысы, Тойлан Асылболат, Суханберді Бақытжан, Жанболат Балғынбек) иеленді. Қатысушылар арнайы диплом және сыйлықтармен марапатталды.
Ақкөл ауданы бойынша
білім бөлімінің әдіскері Ханша Ахтышхан