Аудандық «Тіл шебері» байқауына білім беру ұйымдарының 3 тілді меңгерген жастары қатысты.
2024 жылы 5 қыркүйек күні Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай Ақкөл аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы Тілдерді оқыту орталығы базасында «Тіл – щебері» сайысы өтті. Осы іс – шараға аудан мектептері мен балабақшаларынан 3 тілді еркін меңгерген мұғалімдер мен тәрбиешілер қатысып, бақтарын сынады. Конкурс нәтижесі бойынша «Арайлым» бөбекжайының музыка жетекшісі Каргина Вероника Николаевна Гран при жеңімпазы атанса, Ақкөл қаласының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Манасова Ақерке Серікжанқызы 1- орын иеленді. 2- орын жүлдегері болып Ақкөл қаласының № 3 бөбекжайының тәрбиешісі Козьмина Галина Игоревна иеленді. № 1 бөбекжайының музыка жетекшісі Темірхан Айшуақ және Ақкөл қаласының № 4 жалпы орта білім беретін мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Кельденова Айзат Сайлаубаевналар ынталандыру сыйлығымен марапатталды. Үкілеген үмітпен ұстаздар мен тәрбиешілерді байқауға әкелген Ақкөл қаласының «Арайлым» бөбекжайының директорының м. а. Тоқтархан Айнұр, Ақкөл қаласының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Сейітова Г. М., Ақкөл қаласының № 3 бөбекжайының директоры Додонова Е. Г., Ақкөл қаласының № 1 бөбекжайы директоры Жетпісова Гүлден Маратовна, Садыкова А. Ж.сынды білім мекемелері басшыларына рақмет айтамыз!
Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері Ханша Ахтышхан