"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Алтын белгі» алуға үміткерлер құжаттарын рәсімдеуге кепілдеме-ұсыныс

20.11.2020

«Алтын белгі» жалпы орта  білім аттестатын алуға үміткерлер құжаттары талапқа сай ресімделуі тиіс. Әр үміткерге жеке файлды папка әзірленеді,мұқабасында «Ақмола облысы, ауданы» көрсетіледі. Аудан, қала бойынша  үміткерлер құжаттары бір түсті, біркелкі папкада ресімделсе дұрыс болады.

Құжаттар папкада келесі тәртіппен орналастырылады:

ші файл: титулдықбет, мұндаоблыс, аудан, мектеп,үміткерлердің аты-жөні , жыл (міндетті түрде осы тәртіп сақталуы тиіс).

2-ші файл:үміткерлердің жеке куәлігінің сапалы көшірмесі немесе паспорты.

3-ші файл:берілген құжаттардың тізімі: оқу үлгерімі табелінің,мақтау қағазының, куәліктің тіркеу нөмірлері көрсетілген және педагогикалық кеңестің хаттамасы үзіндісінің нөмірі мен күні көрсетілген.

4-ші файл: «Алтын белгі» үміткерлерін марапаттау туралы  педагогикалық кеңес шешімінің үзіндісі.

5-ші файл: мектеп директорының қолы мен мөрі қойылған, тіркелінген нөмірімен 5-сынып табелінің түпнұсқасы, келесі сыныпқа көшірілгені туралы  нөмірленген, күні көрсетілген мектеп педагогикалық кеңесінің шешімі.

6-шы файл:тіркелінген нөмірімен 5-сынып табелінің түпнұсқасы, файлдың келесі жағында – педагогикалық кеңес шешімінің үзіндісі.Педагогикалық кеңестіңнөмірі мен өткізілген күні табель мен үзіндіге сәйкес болуы керек. Мақтау қағаздары бекітілгенүлгідегі болуы керек.

Осы тәртіп бойынша 5-11- сынып құжаттарын  салу қажет.

Негізгі мектепті озат бітіргені туралы куәліктің түпнұсқасы жеке файлға салынады.

Оқу жылы аяқталғаннан кейін және өткізілгеннен соң ауызша емтиханның хаттамасы,Қазақстан Республикасы БҒМ - нің 20.11. 2004 жыл №953бұйрығымен бекітілген, қорытынды мемлекеттік аттестация және жалпы орта білім мекемелерінде  оқушыларды көшірутәртібініңәдістемелік нұсқау хатта көрсетілгенформасына  сай, беріледі

Тазартулар,түзетулер, қосымшалар, сызылған сөздер және ұсынылған құжаттарда толтырылмаған жолдарғарұхсат етілмейді.

Осы аталған кемшіліктер анықталған жағдайда үміткерлердің құжаттары қарауға алынбайды.Үміткердің фамилиясы өзгерген жағдайда, фамилияны өзгерту себебінің негізі көрсетілгенмектеп бұйрығының көшірмесі берілуі тиіс. 

         Облыстық комиссия қарауға үміткерлердің құжаттарын бекітілген кестеге сай алады. Кейін ұсынылған құжаттарды ,облыстық комиссия  қарамайды, республикалық комиссияға ұсынылмайды. Мемлекеттік қорытынды аттестациялау кезінде және кейін «Алтын белгімен» марапаттау туралы мәселені қарау  үзілді-кесілді рұқсат етілмейді.  «Алтын белгіге»үміткерлер құжаттарын тексеруге жауапкершілік білім бөлімі басшыларына және облыстық білім басшыларына жүктеледі.

Просмотров: 1292


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст