"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Үздік жыл психологы» республикалық конкурсының нәтижесі

20.11.2020

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығы ағымдағы жылдың 4-11 қараша аралығында талантты психологтарды анықтау мен қолдау және озық тәжірибені насихаттау мақсатында білім беру ұйымдарының психологтары арасында «Үздік жыл психологы» атты IX республикалық конкурсын өткізді.
    Коронавирустық инфекцияның салдарынан ел ішіндегі шектеу шараларының күшейуіне байланысты және қатысушылардың жаппай жиналуын болдырмау үшін, ұйымдастыру комитетінің шешімімен жоспарланған «Үздік жыл психологы» республикалық байқауы қашықтықтан өтті. Конкурстың қорытынды кезеңінде 97 аймақтық турының жеңімпаздары қатысты.  Біздің Ақкөл ауданымыздың № 2 орта мектебіміздің педагог-психологы Сандигуль Оразовна Бейсенова  «Креативті психолог» номинация бойынша грамотамен  марапатталды. Құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен үлкен жетістіктерге жетуге тілектеспіз.
 

Просмотров: 367


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст