«Басты мақсат - сапалы білім беру»
2024 жылғы 19 қыркүйекте аудандық білім бөлімі «Басты мақсат - сапалы білім беру» тақырыбында білім беру ұйымының директорлары, директордың оқу-тәрбие жұмысының орынбасарларымен вебинар өткізді.
Вебинар барысында Ақкөл ауданы білім бөлімі бойынша «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын іске асыру жөніндегі жол картасы бойынша 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен, «943-Елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобасына енген нысаналы мектептермен жүргізілетін жұмыс барысымен таныстырылды. Сонымен қатар нөлдік білім кесендісінің нәтижесі, білім беру ұйымының оқу-тәрбие процесі бойынша жұмыс жобасы талқыланды. Білім сапасын артыру мақсатында білім бөлімі білім беру ұйымдарына «Бірыңғай БЖБ,ТЖБ» жобасын енгізуді ұсынып, жоба ережесі, мақсаты мен міндеті түсіндірілді