"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"The leader of 21st century"

20.09.2024

"The leader of 21st century"

 2024 жылы 17  қыркүйекте  «Ақкөл қаласының № 4 жалпы білім беретін мектебі»  КММ-де ағылшын тілі бойынша  "The leader of 21st century" аудандық байқауы өтті. Байқауға Ақкөл ауданының орта және негізгі мектептерінің:  "Талқара ауылының негізгі орта мектебі" КММ,  Ақкөл қаласының "№ 1; 2; 3; 4 жалпы білім беретін мектебі" КММ,  "Новорыбин ауылының жалпы  орта білім беретін мектебі" КММ, "Еңбек ауылының  С. Нұрмағамбетов атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ- нен  16 оқушы қатысты.

 Интеллектуалдық ойын балаларға өз білімдерін іс жүзінде қолдануға және шет тілін үйренуде өз күштерін тексеруге мүмкіндік берді. Мұндай іс-шараның жалпы білім беру, тәрбиелік және дамытушылық маңызы зор. Ол шет тілін терең үйренуге  және шығармашылық белсенділікті дамытуға ықпал етеді Сондай – ақ,   басқа елдің тілін үйренуге деген ынтасын арттырады.

 Интеллектуалды ойын барысында оқушылар 6 қызықты сынақтан өтіп, мүмкіндігінше көп ұпай жинау керек болды. Байқау қорытындысы бойынша: Гран-при - "№4 жалпы білім беретін мектебі" КММ – Кеңес Арыстан  (мұғалімі  Родак Анна Юрьевна),  "№ 3 жалпы білім беретін мектебі" КММ - Жаңабайқызы Мөлдір (мұғалімі: Абдрахманова Гульнар Зайдуловна);  І  орын  «Ақкөл қаласының № 4 жалпы білім беретін мектебі" КММ - Шаяхметов Назар (мұғалімі: Кельденова Айзат Сайлаубаевна), ІІ орын - «Ақкөл қаласының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ - Янина Ященко (мұғалімі Исабекова Лязат Суюндыковна),  "Новорыбин ауылының  жалпы  орта мектебі"  КММ - Юлия  Стрельникова (мұғалімі: Бардаль Олеся Ивановна) 3- орын -  «Ақкөл қаласының № 2 жалпы білім беретін мектебі" КММ- Илья Гусаков (мұғалімі Ремша Татьяна Евгеньевна),  «Ақкөл қаласының  Кеңес  Одағының Батыры  Петр  Михайлович  Исаков атындағы   № 1 жалпы білім беретін мектебі" КММ - Ангелина Ададимова (мұғалімі: Манасова Ақерке Серикжановна), "Талқара ауылының негізгі орта мектебі"  КММ- нің оқушысы - Кириленко Светлана (мұғалімі: Абенова Халида Индусовна) жүлделі орындарға ие болды.

 

 Ақкөл ауданы бойынша

 білім бөлімінің әдіскері                    Ханша Ахтышхан

 

Просмотров: 21

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст