Ақкөл ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінде жаңадан келген педагог-психологтарға «Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын алу» бағдарламасы бойынша әдістемелік көмек көрсету» тақырыбында аудандық онлайн –семинар өтті. Семинарға біздің ауданымыздың барлық педагог-психологтары қатысты. №2 Ақкөл орта мектебінің педагог-психологы Бейсенова Сандигуль Оразовна, №4 Ақкөл орта мектебінің педагог-психологы Алауханова Гульвира Мухиденовна және Еңбек орта мектебінің педагог-психологы Смагулова Бибигуль Каировна өз тәжірибелерімен алмасты. Педагог-психологтар туындаған сұрақтар және бағдарлама бойынша жұмысты дұрыс жүргізу жөнінде толық ақпарат алды. Білім бөлімінің әдіскері Телегенова Мадина Қудайбердиновна әдістемелік ұсыныстар берді.