Ақкөл ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінде 9, 11 сынып түлектерін мемлекеттік қорытынды аттестаттау бойынша жылдық жұмысты жоспарлау, ақпараттық жұмыстардың жүргізілуі, дайындық жұмыстарының ұйымдастырылуы, құжаттардың рәсімделуі туралы кең көлемді ақпарат беру, тәжірибемен бөлісу мақсатында қашықтық форматта негізгі және орта мектептердің оқу ісінің меңгерушілеріне арналған семинар өткізілді. Білім сапасын арттырудың қандай тиімді жолдары бар және білім сапасын арттыру үшін қандай жұмыстар атқару қажеттілігі жөнінде өз тәжирибелерімен П.Исаков атындағы №1 Ақкөл орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі Гордеева Варвара Владимировна, Азат орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі Серікберген Жарқынбек бөлісті. Қорытынды аттестаттау мен тестілеуге дайындық барысында оқушылардың білім сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар жүйелі түрде орындалуына қажетті ұсыныстарды аудандық білім бөлімінің әдіскері Шайтекей Нұржан ұсынды.