"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Республикалық «Ақберен-2020» сайысында 2 күміс, 2 қола медаль жеңіп алдық

05.01.2021

Жақында  Көкшетау  қаласындағы білім басқармасының жанындағы оқу- әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ZOOM  платформасында  8-11 сынып оқушылары арасында  «Ақберен» ҮІІ республикалық ақындық пен шешендік өнер байқауына   Ақкөл ауданының атынан   5 оқушы қатысты.  Байқау номинациялары  6 бағытта қаралды:

Шешендік, білгірлік сайысы (қазақ тарихы, мәдениеті, фольклоры туралы) сұрақтарға жауап беру, шешендік өнер тарихын  білу, шешен сөйлеу);
Көркемсөз оқу (поэзия, проза, драмалық шығармаларынан үзінді);
Эссе жазу
 Ұлттық аспапта ойнау (домбыра, қобыз, жетіген және т.б.);   
Ақындар айтысы;
Ақындар мүшәйрасы.

          Әділқазылар алқасы Ақмола облысының  құрамысының өнерін бағалалады.

          «Ұлттық аспапта ойнау» номинациясы бойынша  Ж. Бектұров атындағы  №3 Ақкөл орта мектебінің  9- сынып оқушысы Серикбаев Мадияр ІІ дәрежелі дипломмен және күміс медальмен (мұғалімі Бөжен Ақгүл), Айдарбеков Арман ІІ дәрежелі  жүлдегер дипломымен  және күміс медальмен (мұғалімі  Дорж Март),  «Горький атындағы орта мектебі»  КММ- сінің  9- сынып оқушысы   Жанарбек  Арайлым  ІІІ  дәрежелі дипломмен және қола  медальмен  «Шешендік білгірлік   сөз  өнері»   сайысы бойынша (мұғалімі  Абдрахманова Ботагоз Олжабаевна),  «Ақындар мүшайрасы»  номинациясы бойынша ІІІ  дәрежелі дипломмен және қола  медальмен  «Жайық Бектұров атындағы  №3 Ақкөл орта мектебі» КММ- нің 10 «А» сынып оқушысы  Нұрман Маржан (мұғалімі  Ибраева Әсемгүл Ахмедьяновна  иеленсе,  «Эссе жазу»  жанры  бойынша  Кеңес орта мектебінің  8- сынып оқушысы Кажина Аяулым (мұғалімі Аскенова Гулжанар Есламбекқызы) облыстық білім басқармасының сертификатымен марапатталды. Үлкен табыстарды бағындырған  Ақкөлдік оқушылардың жетістігі үшін   Ақмола облысының білім басқармасы да дән риза.

Просмотров: 675


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст