Текст
Аудандық әдістемелік кабинеттің жұмыс жоспарына сәйкес физика және математика пәні мұғалімдеріне арналған "Заманауи технологиялар- білім сапасын басқару құралы» тақырыбында аудандық онлайн-семинары өтті. Семинардың мақсаты педагогтардың педагогикалық құзыреттілігінің көрсеткіші ретінде заманауи технологиялардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін түсіндіру болып табылады. Педагогтар өз жұмыстарын ұсынып, тәжірибелерімен алмасты, шеберлік сабақтарын көрсетті. Семинар мазмұны бойынша өте қызықты және мазмұнды болып өтті, ЖМБ пәндерін оқыту әдістемесіндегі нақты мәселелер талқыланды.