"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Үш тұғырлы тіл

11.06.2019

     Үштілділік — нақты тұлға, ұжым, халықтың белгілі бір қоғамда қарым-қатынас үдерісінде қажет болған жағдайда үш түрлі тілді алма-кезек қолдану құбылысы.  Әлемдегі дамыған елу елдің қатарына қосылу үшін билік «үш тұғырлы тіл» саясатын қолға алып жатқаны белгілі. Ақпараттық техниканың дамыған  заманында тілді үйрену қиындық тудырмайды, қайта көп тіл білгеннің  ешбір зияны жоқ. Бірақ Қазақ баласы әуелі отбасында Қазақы рухпен  тыныстап, ана тілінің нәрлі уызына қанып, ұлттық рухани тәрбиенің қайнар бұлағынан   сусындап өсуі керек. Алғашқы тәрбиені ана тілінде қабылдап, Қазақы қасиетпен  жетілген бала кейін қандай ортада жүріп, қанша тіл үйренсе де, өз тілін   ұмытпайтын, ұлттық қасиетінен көз жазып адасып қалмайтын болады. Мәселен, Ә. Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Қ.Сәтбаев, А.Құнанбайұлы сынды  аумалы – төкпелі заманда өмір сүрген қазақ зиялылары туған жерден жырақта жүрсе де, өзге империяның бодандық бұғауында болса да, тұғыры биік ана тілін бәрінен жоғары қойған. Өйткені олардың бәрінің де тілі қазақша шыққан, бірі  ауыл молдасынан хат таныса, енді бірі ана тілінде мұғалімдерден тіл  сындырған. Яғни, тірек мықты. Тіл ана  тілде   сайрап тұрғандықтан,  ешкім  оған  балта да  шаба  алмаған.   Бүгінгі таңда мемлекетімізде үштілділік мәселесін нақты іс түрінде жүзеге асыру керек пе? Әрине, керек.   Еліміз бен жерімізге ие болатын жастар үш тілді де қатар меңгеруі тиіс. Бірақ бұл үш тілдің тұғыры бірдей деген сөз емес.  Қазақстанда бір ғана тұғырлы тіл бар,   ол мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Тұғыр сөзі діңгек, қазық  деген мағынада қолданылады. Бір шаңырақты көтеру үшін үш діңгек керек  емес.   Бір діңгекпен көтерген шаңырақтың жан-жағынан уықтар қадалып, оның беріктігін  қамтамасыз етеді. Біздің алтын діңгегіміз, тұғырымыз – қазақ тілі,  ал жан-жағынан өзге тілдер   мемлекеттік тілді қолдап уық секілді қадалады. Бірақ кейбіріміз үштілділік үдерісі  жөнінде басқаша көзқарас танытып  жатамыз.  Мұның себебі  осы бір сөздің мағынасын түсінбеуден келіп шығады.   Бірқатары осы бағытты ұстануға оң көзбен қарап, құптаса, енді бірі өз қарсылықтарын білдіруде.  Нақты дәлелдемелерге сүйенер болсақ, саясаттанушы Т.Әбдуәлидің: «Мемлекет басшысы жаһандану жөнінде мәселе көтергенде де өре түрегелдік. Жаһандану  дегеніміз қарапайым сөзбен айтқанда жоғары деңгейге жеткен елдермен қарым-қатынасымызды нығайту. Соның бірі — тілдік коммуникация. Бұл үшін халықаралық қатынас тілі   болып жүрген ағылшын тілін үйренуге  жастарымызды  жатпай-тұрмай  баулуымыз керек. Оның қажеттілігін уақыт өткен сайын өткір  сезініп  келеміз»   деген ойын оқытушы Т.Тәңірбергенқызы ары қарай жалғастырады: «Ағылшын тілін үйренгеннен біз мәңгүрттенбейміз. Ағылшын тілі қазақ тілін үйренуге ешқандай кедергі жасамайды. Тек соны түсіне білуіміз керек. Себебі, ағылшын тілі мемлекеттік  тілмен бәсекелес емес».   Ағылшын тілін үйренгеннен біз мәңгүрттенбейміз. Ағылшын тілі — әлемдік бизнес тілі, мемлекеттік тіл – ұлт тілі.  Мемлекеттік тілде  сөйлеу — әрбір Қазақстан азаматының борышы. Ағылшын тілі қазақ тілін үйренуге ешқандай кедергі жасамайды. Тек соны түсіне  білу керек.  Мәселен, Қанат Әуесбай: «Ана тіліңмен өзіңді, ағылшын тілімен әлемді танисың» дей келе біршама күрделенген мәселенің түйінін өз тарапынан  шешкендей болды.   Қазіргі таңда еліміздің жалынды жастарының біршамасы  «Болашақ»   атты мемлекеттік бағдарламамен шет елдерде білім алып, тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік алып отыр.  Мұның өзі дамушы еліміздің ертеңгі күніне деген, сындарлы  саясаты мен жаһандану дәуіріне деген ұмтылысы деп ойлаймын. Соңғы деректерге сүйенсек, Қазақстанда 98 американдық пен 81 ағылшын тұрады, амеркандықтардың 78-і ағылшынның, 71-і өз ұлтының тілін меңгерген. Бұл күллі тұрғынның 1 пайызын құрайды. Ұлт деңгейінде алсақ, ағылшын тілін  меңгергендердің тең  жартысын жергілікті қазақтар құрайды. Басқаша айтқанда, ағылшын тілін   меңгерген қазақ саны – 53 743,  бұл – ұлт арасындағы үлкен көрсеткіш  және күллі қазақтың 0,7 пайызы  деген сөз.  Ұлттық өркендеп, тіліміз өз  еліміздегі және  халықаралық  дәрежедегі  позициясын нығайтқан кезде біздің  сөздеріміз де өзге тілдерге енетіндігіне, тіліміздің  әлемдік ақпарат кеңістігінен өз орнын иеленетіндігіне күмән келтірмеуге болады.  Дәл бүгін де қазақ тілінің әлем тілдерінің ешқасысынан да кем түспейтін,  бірнеше ғасырлық даму тарихы бар, ұлттық әдеби тіл деңгейіне дейін дамып жетілген ұлы тіл екендігіне еш күмән жоқ.   

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 11.06.2019 11:37
Құрылған күні: 11.06.2019 14:39

Текст