Текст
Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.
Осы мақсатта Ақкөл ауданының мектептерінде «Сен жалғыз емессің» атты қайырымдылық акциясы өтті. Ол акцияға 11 аудан мектебінің оқушылары мен мұғалімдері қатысып, көмекке мұқтаж жалғызбасты адамдарға, тыл ардагерлерінің үйлеріне барып өз көмектерін көрсетті. Оқушылар мен мұғалімдер ол кісілерге ауласын тазалауға, үй жинауға, отын жаруға т.б. көмектесті.
«Қайырымдылық - адамгершілік белгісі» екенін әрбір мектеп оқушысы түсінеді және әр кезде көмек қолдарын созуға дайын жүреді.