"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқушы жетістігі -мұғалім еңбегінің жемісі

01.02.2019

3-6 қаңтар аралығында Көкшетау қаласында  пәндік олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Олимпиаданың мақсаты  оқушылардың  шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімін тереңдетіп және практикалық біліктілігін арттыру, тұлғаның өзіндік дамуына көмек көрсету, дарынды балаларды анықтауға жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысу үшін оқушыларды іріктеу және дайындау, Қазақстандағы білім беру саласының беделін көтеру.

 Облыстық пән олимпиадасында  17 аудан, Көкшетау, Степногорск қалалары, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған төрт мектептің   ең үздік оқушылары  қатысты. Облыстық кезеңге біздің Ақкөл ауданынан  аудандық пән олимпиадасынада өте жақсы нәтиже көрсеткен  №1АОМ, №2АОМ, Жайық Бектұров атындағы №3АОМ және Еңбек орта мектебінің 9-11 сынып оқушылары өз білімдерімен ат салысты. Облыстық пән олимпиадасының  нәтижесі бойынша  қазақ тілі және әдебиеті  пәнінен   №2 Ақкөл орта мектебінің 11 сынып оқушысы Аникина Виолетта өз қатарластарынан оза шауып  І дәрежелі Дипломмен  және алтын медальмен  марапатталды.  Жетекшісі Сейтенова Назгүл Серікқызы. Облыстық олимпиаданың жүлдегерлері а.ж. наурыз айында Қызылорта және Ақтөбе қалаларында  өтетін Республикалық  пән олимпиадасына қатысады.

Оқушылар жұмыстарының құзыретті тексерілуін және тәуелсіз бағалануын қамтамасыз ету үшін әділ-қазы ретінде Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінен оқытушылар шақырылды: PhD докторлары, профессорлар, ғылым кандидаттары, ғылым магистрлері, үздік оқытушылар қатысты. Жеңіс тұғырынан көрінген шәкірттерімізді және дайындаған ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз!

Просмотров: 642


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст