2019 жылы 1 наурыз күні Ж.Бектұров атындағы №3 Ақкөл орта мектебінде мектептерінің 9 сынып оқушыларына арналған IQanat републикалық пән олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Олимпиадаға жалпы саны 24 мектептен 148 оқушы қатысты.
Пән олимпиадасының ашылу салтанатына Нұр Отан партиясы төрағасының орынбасары Умербаев Бауыржан Досанұлы, Білім бөлімінің басшысы Ашимов Келешек Қуандықұлы, «Айқанат» олимпиадасының облыстық жетекшісі, саясаттану ғылымының кантидаты Ибраев Марат Өмірбайұлы қатысып оқушыларға білім жолында шығармашылық табыс тіледі.
Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған IQanat републикалық бағдарламасы - қазақстандық меценаттардың білім беру саласындағы жобасы. Бағдарлама мақсаты - ауыл мектептерінің оқушыларын ұлттық және шетел университеттеріне түсулері үшін қолдау, ынталандыру.Бағдарламаға Қазақстан аймақтары бойынша іріктеу кезеңдері, сондай-ақ еліміздің және шетел бастаушы жоғарғы оқу орындарына грант және стипендиямен түсулеріне қолдау көрсету кіреді.