"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Горький атындағы орта мектебі-бақшасында өтілген "Сын тұрғысынан ойлау мен дамыту" техногиясы бойынша өткізілген аудандық семинар

18.03.2019

2019 жылдың 14 наурызында Горький атындағы орта мектебі-бақшасында " Сыни тұрғысынан ойлау мен дамыту" технологиясы бойынша аудандық семинар өтті. Семинардың мақсаты оқушылардың сабақ барысында сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттырып, біліктілік дағдыларын қалыптастыру.

          «Сыни ойлау», бұл –баланың ынтасын жетелеу, қызығушылығын ояту арқылы оқыту, үйрету деген сөз. Ойлау да, оқу, жазу, сөйлеу және тыңдау сияқты іс-әрекет. Ол – белсенді, тұжырымдалған, күрделі шын ойды айтатын құбылыс. «Сыни тұрғыдан ойлау қабілетін оқу мен жазу арқылы дамыту» бағдарламасымен оқытуда оқушылардың кестелер, суреттер, оқулық, компьютермен жұмыс істеу іскерліктері мен сауаттылықтары да артады.

           Семинар Ақкөл ауданының білім бөлімінің әдіскері Ханша Ахтышханқызының басқаруымен түрлі пән мұғалімдері қатысты. Ауданымыздың әр түкпірінен келген 45 мұғалім аталған семинарда өз тәжірибелерімен бөлісті.  Атап айтып кетер болсақ, Азат орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мұрат Дариға, биология пәнінің мұғалімі Аншыбай Майрагүл, Новарыбин орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі    Жетписбай М. А.,  орыс тілі мен әдебиеті пәні мүғалімі Рязанова А. Л. және Горький атындағы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі  Богер Н. В атты ұстаздар. Аты аталған мұғалімдердің барлығының дерлік сабақтарының негізі дұрыс құрылған, талапқа сай, жоғары деңгейде өтті деп атап өтуге болады. Сыни тұрғысынан ойлау стратегиясын сабақта мұғалімдер тиімді қолдана алып қана қоймай, оқушылардың бойынан қызығушылық пен белсенділікті арттыра білді.

  Сонымен қатар, сабақтар соңында Барап негізгі мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мүғалімі Альжанова Т.Б "Қазақ сыныптарында оқытылатын орыс тілі сабақтарында сыни түрғысынан ойлау мен жазуды тиімді пайдалану" атты шеберлік сыныбын көрсетсе, Кеңес орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аскенова Г. Е.жиналған қонақтармен тренинг өткізді. Шебер сыныбы мен тренингте түрлі әдіс-тәсілдер, соның ішінде топтық жұмыс, жұптық жүмыс  постермен жұмыс түрлері, АКТ, сұрақ-жауап, синквейн, кластер сияқты түрлі де қызықты әдістер пайдаланылды.  Өткізілген семинар өз мақсатына жетті деген ойдамыз. Семинарға қатысушылар өз тәжірибелерімен де, әріптестерінің тәжірибелерімен де бөлісіп, келешекте осы оқып-тоқығандарын өз тәжірибелерінде қоладан алады деген үміттеміз. Семинардың мазмұнды, нәтижелі және әсерлі өткені бізді де қуантып тастады.

 

 

Ақкөл аудандық білім

бөлімінің әдіскері                                                     Ханша Ахтышханқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 697


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст