"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қола жүлде қанжығада...

17.04.2019

         Ақмола облыстық білім басқармасының жанындағы  «Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу - әдістемелік орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Көкшетау қаласындағы дарынды балаларға арналған мектеп- лицейі  базасында 2019 жылы 3-5 сәуір аралығында Қ. Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі болып өтті. Пән олимпиадасына 1,2, 3 дәрежелі медальдар сарапқа салынды. Олимпиадаға 17 аудан, екі қала және Астана қаласындағы және  Көкшетау қаласындағы дарынды балаларға арналған мектеп интернаты және Степногор қаласындағы «Болашақ»  мектеп-  лицейлерінен құралған  60- тай оқушы өз білімдерін  2 тур  бойынша    сарапқа салды.   Сайыстың үшінші күні біздің ауданннан барған Ж. Бектұров атындағы № 3 Ақкөл орта мектебінің 11- сынып оқушысы Бегімбаева Ботагөз (мұғалімі Ибраева Әсемгүл Ахмедьяновна)  қола медаль жүлдегері атанды. Ж. Бектұров атындағы № 3 Ақкөл орта мектебінің 10-сынып оқушысы Жұмасыл Іңкәр (мұғалімі Валиева Алтын Махатовна) Азат орта мектебінен барған Ерсінхан Ерболат  (мұғалімі Төлеген Қуаныш)  сертификатпен марапатталды. Бегімбаева Ботагөз екі апта бұрын Алматы қаласында өтілген қазақ тілі мен әдебиеті пән олимпиадасында да топ жарып, 1- орын иеленген еді. Дарынды шәкіртімізге алдағы  мемлекеттік емтихандардан сүрінбей өтіп,  бір маман иесі болуына  және оқушыны  дайындаған ұстазы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ибраева Әсемгүл Ахмедьяновнаға шығармашылық толайым табыстар тілейміз!  Осы оқушылардың  ата – аналарына   түрлі сайыстар мен пән олимпиадаларына қатысуға қолайлы жағдай жасағандары үшін рахметімізді жеткіземіз.   Ел мерейін асқақтатар дарынды балалар көп болсын!

 

 

Ақкөл аудандық білім

 бөлімінің әдіскері                          Ханша Ақтышханқызы

Просмотров: 608


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст