15 қазан 2019 оқу жылы «Арайлым» балабақшасында «Болашаққа бағдар : Рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасы аясында балабақша бүлдіршіндері арасындағы «Қазақшаң қалай, балақай?» байқауы өткізіліп, бүлдіршіндер белсене қатысты. Балалар Отан туралы мақал-мәтелдер, жанылтпаштар, өтірік өлеңдер мен тақпақтарын айтты.
Біздің мақсатымыз : Қазақстанның кең- байтақ, бай мемлекет екенін түсіндіру. Мемлекет астанасы туралы түсінік беру. Балалардың қызығушылығын, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Отанды сүйе білуге тәрбиелеу. Сонымен қатар, қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеу арқылы балалардың интеллектуалдық, тапқырлық, ептілік қабілеттерін дамытуға ықпал ету. Балалардың жылдамдығын жетілдіру, жүйке жүйелерін шыңдау, тілін дамытып, ойда сақтау қабілеттерін дамыту. - Біз отбасымызды, елімізді, жерімізді, Отанымызды мақтан тұтып, қадірлеп құрметтейміз. Біз осындай татулықты, бірлікті, бейбітшілікті сүйетін, Қазақстан елінде тұратынымызды мақтан етеміз.
Әр адамның өз Отаны болады.
Білім бөлімінің әдіскері Ш.Өмірбаева