"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқытуды ұйымдастыру жағдайы бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары

14.03.2019

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 375 бұйрығына 3-қосымша

 

Оқытуды ұйымдастыру жағдайы бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Оқытуды ұйымдастыру жағдайы бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң), "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және олардың қызметінің тәртібін анықтайды.

      2. Оқытуды ұйымдастыру жағдайы бойынша білім беру ұйымдарының түрлеріне: шағын жинақты мектеп (бұдан әрі - ШЖМ) және тірек мектебі (ресурстық орталық), түзету мекемелері жанындағы жалпы білім беретін мектеп, кешкі мектеп, девиантты мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымы, ерекше режимде ұстайтын балаларға арналған білім беру ұйымы және аурухана жанындағы мектеп жатады.

      Оқытуды ұйымдастыру жағдайы бойынша білім беру ұйымдары меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырады.

      3. Осы Үлгілік қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:

      1)тірек мектеп (ресурс орталығы) – шағын жинақталған мектеп оқушыларының сапалы білім алуына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қысқа мерзімді сессиялық сабақтарды және аралық әрі қорытынды аттестаттауды өткізу үшін базасында таяу маңдағы шағын жинақталған мектептердің білім беру ресурстары шоғырланатын жалпы орта білім беру ұйымы;

      2) шағын жинақты мектеп - білім алушылар контингенті шағын, сынып-жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар жалпы білім беретін мектеп.

      3) магниттік мектеп – аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің бұйрығымен тірек мектебіне (ресурстық орталыққа) бекітілген шағын жинақты мектеп.

2. Шағын жинақты және тірек мектептері (ресурстық орталық) қызметінің тәртібі

      4. ШЖМ мен тірек мектептерінің (ресурстық орталық) қызметі осы Үлгілік қағидаларға және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      5. ШЖМ мен тірек мектептерінің (ресурстық орталықтар) негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

      1) сапалы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету және кеңейту;

      2) оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдану;

      3) сапалы білім беруді қамтамасыз ету мақсатында тірек мектептерінде (ресурстық орталықта) ШЖМ-ның білім беру ресурстарын біріктіру;

      4) тірек мектебінде (ресурстық орталықта) нұсқаушы, аралық және қорытынды сессиялық сабақтар ұйымдастыру шараларын іске асыру;

      5) біріктірілген сыныптарда оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру.

      6. Тұрғындарының саны аз әрбір елді мекенде:

      1) бастауыш ШЖМ білім алушылардың саны 5-тен 40 адамға дейін;

      2) негізгі ШЖМ білім алушылардың саны 41-ден 80 адамға дейін;

      3) орта ШЖМ білім алушылардың саны 81-ден 180 адамға дейін болған жағдайда жұмыс істейді.

      7. Тірек мектебі (ресурстық орталық) аудандық (қалалық) әкімдіктің қаулысымен материалдық-техникалық, ғылыми-әдістемелік базалар мен кадрлық ресурстар болған жағдайда жалпы білім беретін мектептің базасында құрылады. Магнитті ШЖМ-лар аудандық (қалалық) білім бөлімінің бұйрығымен тірек мектебіне (ресурстық орталыққа) бекітіледі.

      8. Сессиялық сабақтар кезеңінде тірек мектебі (ресурстық орталық) білім алушылардың тұруын, тамақтануын, тасымалдануын ұйымдастырады, пәндер бойынша оқу бағдарламаларын келісуді, сыныптар мен сессия қатысушыларының санын анықтауды жүзеге асырады.

      9. ШЖМ-да оқу-тәрбие процесі біріктірілген сыныптарда білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып оқытуға сәйкес қамтамасыз етіледі.

      10. Тірек мектебінде (ресурстық орталықта) оқу-тәрбие процесі бірыңғай оқу жоспары негізінде жүзеге асырылады және магнитті ШЖМ білім алушылары үшін ұзақтығы он күндік оқу сессияларын (бастапқы – қазан айының бірінші онкүндігінде, аралық – ақпан айының бірінші онкүндігінде, қорытынды – сәуір айының үшінші онкүндігінде) өткізуді қамтиды. Сессияаралық кезеңде қашықтықтан оқыту жүзеге асырылады.

      11. ШЖМ-да жекелеген пәндерді оқыту кезінде және сыныпта 10-16 білім алушы болған жағдайда кіші топтарға бөлуге жол беріледі.

      Сыныптарды бір сынып-кешенге қосу және біріктіру жағдайында әртүрлі жастағы білім алушылардың саны 10 адамнан аспауы тиіс.

      ШЖМ-дағы сыныптардың толымдығына 3-10 және одан көп адамға дейін рұқсат беріледі.

      Үш немесе төрт сынып біріктірілген жағдайда оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзгермелі кестесі қолданылады.

      Бірінші сынып пен бітіруші сыныптардың білім алушыларын біріктіріп оқытуға жол берілмейді.

      12. Тірек мектебінде (ресурстық орталықта) қазақ, орыс, шет тілдерін, информатиканы оқытуда, ырғақ, музыка, дене шынықтыру, алғашқы әскери дайындық, технология сабақтарында, сондай-ақ бейінді пәндер бойынша зертханалық және практикалық жұмыстар жүргізу кезінде кіші топтарға бөлуге жол беріледі. Пәндер бойынша кіші топтарға бөлу сынып 20-25 адаммен, 8-11 сыныптарда 15-20 адаммен толықтырылған жағдайда Тірек мектебі (ресурстық орталық) Қамқоршылық кеңесінің шешімімен жүргізіледі.

      13. Жас ерекшеліктері бойынша оқыту әдістемесін қолдану кезінде қосып оқытуға жол беріледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 12.03.2018 № 91 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 

      14. Тірек мектебінің (ресурстық орталық) оқу-тәрбие жоспары магнитті ШЖМ-ның оқу-тәрбие жоспарын ескере отырып әзірленеді.

      ШЖМ мен тірек мектебінің (ресурстық орталық) жылдық оқу-тәрбие жоспары үйлестіру кеңесінің отырысында бекітіледі, ауданның (қаланың) білім бөлімімен келісіледі, білім беру ұйымының басшысымен бекітіледі.

      15. Сессиялардың ұзақтығы тірек мектебінің (ресурстық орталықтың) және магнитті ШЖМ-ның үйлестіру кеңесі бекіткен оқу процесінің кестесіне сәйкес үш күннен он күнге дейін белгіленеді. Бастапқы сессия оқу жылының басында өткізіледі.

      Сессия басталғанға дейін магнитті ШЖМ білім алушыларына кіру тестілеуі өткізіледі, оларды оқытудың жеке бағыты анықталады, сессияаралық кезеңдегі жұмыс жоспарланады.

      Қорытынды сессияда оқытудың жеке бағытын іске асыру бойынша таңдау бойынша базалық пәндер мен курстар бойынша түйінді проблемалар анықталады, білім алушылар дайындығының деңгейі бағаланады.

      16. Сессияаралық кезеңде білім алушылардың оқу-танымдық қызметі ШЖМ-да тірек мектебінің (ресурстық орталықтың) пән оқытушыларының қашықтықтан қолдауымен өткізіледі.

      17. Сессия кезеңінде тірек мектебі (ресурстық орталық) толық күн режимінде жұмыс істейді.

      18. ШЖМ-ны дамытудың өңірлік орталықтары оқу жұмыс жоспарларын әзірлеу, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау, жеке оқыту бағдарламаларын жасау, қашықтықтан оқыту нысанының мазмұны, бейінді бағытты ескере отырып, оқыту әдістері мен арнайы курстар бойынша жұмысты үйлестіруді жүзеге асырады.

      19. Тірек мектебінің (ресурстық орталықтың) педагогтеріне еңбекақы төлеу аптасына 18 сағат есебінен белгіленеді, оның ішінде 6 сағат ғылыми-әдістемелік және эксперименттік жұмыстарға бөлінеді.

      20. Тірек мектебі (ресурстық орталық) директорының, орынбасарының, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырушының лауазымдық жалақысы жалпы білім беретін мектептегі сияқты білім алушылардың ең көп толықтығымен белгіленеді.

      21. Тірек мектебінде (ресурстық орталықта) жұмысты қоса атқаратын жоғары оқу орындарының оқытушыларына білім саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпте сағаттық еңбекақы төлеу белгіленеді.

      22. Тірек мектебін (ресурстық орталықты) қаржыландыру бюджет қаражатының, қамқорлыққа алған ұйымдардың жарналары және ақылы білім беру қызметін көрсету есебінен жүзеге асырылады.

      23. Тірек мектебінің (ресурстық орталықтың) қызметі қажеттілік болмаған жағдайда тоқтатылады.

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 14.03.2019 12:17
Құрылған күні: 14.03.2019 12:19

Текст