"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жасай бер, қазақ елі» жыр мүшайрасы

23.10.2023

«Жасай бер, қазақ елі» жыр мүшайрасы

        2023 жылы 18 қазан күні Республика Күні мерекесіне орай Тілдерді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Жасай бер, қазақ елі» атты аудандық ақындар мүшайрасы өткізіліп,  барлығы 12 ақын мүшайрада   бақтарын сынады.  Ақкөл қаласының  Петр Исаков атындағы № 1  жалпы орта білім беретін мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімі Шоман Гулайна, Азат ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімдері Төлеген Қуаныш, Семсерхан Сьез, Саяхат Аманжан, Табиғат Тілекберген, Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімдері  Аскенова Гүлжанар Есламбековна, Аятхан Жанибек, Урюпин ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімі  Жанболат Айдын, Новорыбин ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімі Мекебай Әсемгүл, Домбыралы ауылының  Горький атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің  информатика пәні  мұғалімі Менлібаева  Майра Нышановна,  Жалғызқарағай ауылының  Кирдищев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімдері Танхай Саулеш, Төлеубек Еркегүлдер қатысты.  Ақкөл қаласының  Ж. Бектұров атындағы  № 3 жалпы орта білім беретін мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімі  Дорж Март,  Ақкөл қаласының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімі Тілеухан Арманбек,  Домбыралы ауылының  жалпы орта білім беретін мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абдрахманова Альбина Рафитовналар қазылық етсе, аудандық тілдерді дамыту орталығының оқытушысы Хастарбек Амангүл мүшайраны жүргізді. Ақын ұстаздарды үкілген үмітпен дайындап алып келген білім бөлімінің әдіскері, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы қоғамдық бірлестігінің Ақкөл ауданы бойынша төрайымы Ханша Ахтышхан және аудандық мәслихат  басшысы, депутат  Салыбекова Жұлдызай Таубаевна, аудан әкімінің орынбасары Ахмеджанов Саят Кайроллаұлы қатысты. Сайыс басталмас бұрын Тілдерді дамыту орталығының директоры  Каирова Ж. К.  ауданымыздағы тіл жанашырларын «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің   республикалық «Алғыс хаты»- мен марапаттады. Олар: Ардабайұлы Бегзада,  Клышева А. Т., Умурзакова А. А., Утюпова Г. Т., Жумабекова А. Е,  Хавил  Г., Жумабекова Ө. С., Толғанай Р,  Дүйсембай Б. Д., Танхай С,  Мухамеджанова Т. Н., Тілеухан А.

           Ал 2 тур бойынша өткізілген  ақындар мүшайрасы сайысы өте тартымды, тартысқа толы болды. Ақындар бірінші турда өз шығармашылығынан өлеңдерін оқыса,  келесі турда 10 минут ішінде  берілген арнайы тақырып бойынша өз ойларын толғады.  Нәтижесінде  шашасына шаң жұқтырмаған Азат ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімі  Төлеген Қуаныш Гран при, бағалы сыйлық, Азат ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімі   Семсерхан Сьез 1- орын, Кирдищев атындағы  жалпы орта білім беретін мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімі  Толеубек Еркегүл,  Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімі  Аскенова Гүлжанар Есламбековналар 2- орынды бөліссе, Азат ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімі  Саяхат Аманжан,  Кирдищев  атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімі  Танхай Саулеш,  Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімі Аятхан Жанибектер  3- орынға тұрақтады.   Өзге қатысушылар  Грамотамен марапатталды. Азат, Кеңес,  Кирдищев, Урюпин, Горький атындағы орта мектеп, Новорыбин орта мектебі, № 1 Ақкөл орта мектептерінің мұғалімдерінің өнерлеріне қатысушылар тәнті болды. Аудандық балалар музыка мектебінің 9- сынып оқушысы  Сейіт Жанболат  және  Кеңес  ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімі  Аскенова Гүлжанар Есламбековналар домбырада терме ойнаса, ақындар ән- жырмен шашу шашты.  Ақын ұстаздарға шабыттарыңыз шарықтай берсін – дегім келеді.  Тіліміздің тұғыры биік, тәуелсіздігіміз баянды болсын!

 

Ақкөл аудандық білім

бөлімінің әдіскері                                Ханша Ахтышхан

Просмотров: 656


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст