"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Үздік бастауыш сынып мұғалімі

08.11.2023

Үздік бастауыш сынып мұғалімі

1-6 қарашада бастауыш сынып мұғалімдері арасында облыстық "Үздік бастауыш сынып мұғалімі" байқауының аудандық кезеңі өтті. Бұл байқаудың мақсаты: бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру, білім беру үдерісін ғылыми-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етуді жетілдіру. Аталған байқауға ауданның 14 педагогы қатысты. Байқауға бейнесабақ, ақпараттық парақ, эссе ұсынылды. Сондай-ақ байқау ережесінің талаптарының бірі сабақтың қысқа мерзімді жоспары мен сабақтың өзіндік талдауын ұсыну болды. 1 жүлделі орынды «Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің Кеңес ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ мұғалімі Ж. Ж. Ахметова иеленді. Екінші орынды «Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің Өрнек ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ мұғалімі         Д. М. Ерғалиева иеленді, үшінші орынды «Кеңес Одағының Батыры Халық Қаһарманы С. Нұрмағамбетов атындағы Еңбек ауылының жалпы орта білім беретін мектебі »КММ-сінің мұғалімі Г. Е. Арықпаева және  Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің Домбыралы ауылының Горький атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-сінің мұғалімі Дроздова Т.С. бөлісті. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, қалған қатысушылар грамоталармен марапатталды.

Просмотров: 2471


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст