2023 жылы 23 қараша күні аудандық әдістемелік кабинетінің жоспары негізінде «Ақкөл ауданы білім бөліім бойынша Ақкөл қаласының Ж.Бектұров атындағы № 3 жалпы орта білім беретін мектебінде «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың таным белсенділігін арттыру жолдары» тақырыбында семинар өткізілді. Аудандық әдістемелік кабинет әдіскері Ханша Ахтышхан модератор- басқарушы болды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Дорж М 8 «А» сыныбында қазақ тілінен «Мамандық», Ибраева А.А. 6 «А» сыныбында «Театр мәдениеті», Отарбаева Ж.Т. 5 «В» сыныбында «Өсімдіктердің адам затқа пайдасы», Валиева А.М. 11 «Б» сыныбында Б.Мұқайдың «Өмірзая» романынан үзінді тақырыптарында ашық сабақтар өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті. Сондай -ақ, тарих пәні мұғалімі Ауған Амандық, Данбаева Н.С. «Сәкен –жырдың сарқылмас дариясы» тақырыбында сыныптан тыс іс –шара ұйымдастырды. Қалалық және ауылдық мектептерден 38 мұғалім қатысып, сабақтарға талдау жүргізілді.
Мұғалімдер сабақтарда өздерінің ерекше әдіс-тәсілдерін қолданып және жаңаша әдістерді енгізу арқылы сабақ мақсаттарына толық жетті.
Семинарға қатысушылар тарапынан кері байланыс жүргізіліп, өз көзқарастарын білдірді.