2023 жылдың 27 қарашадан 1 жектоқсанға дейін мектепке дейінгі ұйымдар арасында балаларға арналған «Әкем-асқар тауым» байқауының аудандық кезеңі өтті. Бұл байқаудың мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халқының дәстүрлі спорттық ойын қызметіне баулу арқылы салауатты өмір салты мен денсаулығына деген қызығушылығын, белсенділігін қалыптастыру. Аталған байқауға ауданының 18 ата-ана қатысты. Байқауға 3 минуттан аспайтын бейнематериалдар ұсынылды. Бірінші жүлделі орынды «Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақкөл қаласының «Ақбота» бөбекжайының тәрбиеленушісі Муканова Айлана иеленді. Екінші орынды Ақкөл ауданы «Өрнек орта білім беретін мектебі» Күншуақ шағын орталығының тәрбиеленушісі Самрат Ерболат және Ақкөл ауданы Азат орта мектебі жаныңдағы "Айгөлек" шағын орталығының тәрбиеленушісі Махбоз Адина Берденбекқызы иеленді.Үшінші орынды Ақкөл қаласының «№1 бөбекжайының тәрбиеленушісі Мубарак Дарын Таттенбекұлы және Кеңес ауылының жалпы білім беретін мектебінің жанындағы шағын орталығының тәрбиеленушісі Толқынқызы Асылай иеленді. Байқау жеімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, ал қалған қатысушылар грамоталармен марапатталды