💬«Ауыл мектептеріне арналған олимпиада Қазақстанның шалғай елді мекендеріндегі дарынды және талантты балаларды анықтауға және дамытуға бағытталған. Өткізу қағидаларына сәйкес олимпиада 13 пән бойынша (жаратылыстану–математикалық бағыттағы 6 пән, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 7 пән) өткізіледі және 3 кезеңнен тұрады. Бастапқы кезеңге қатысу үшін аuyl.daryn.kz сайтында 174 оқушы тіркелді.
👨🏻🎓Олимпиадаға республикамыздың ауылдық мектептерінде оқитын 9-11 сынып оқушылары қатысады.
🎯Олимпиаданың мақсаты — ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілеттерін анықтау және оларға қолдау білдіру, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды табу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануына жағдай жасау.
Ақкөл ауданы бойынша қатысқан 174 оқушыдан Азат, Горький, Еңбек, Кирдищев орта мектебі, Кеңес, Наумовка, Урюпинка, Новорыбинка, Саздыбұлақ, Қына мектептері бойынша 41 оқушы облыстық этапқа қатысты..
Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған облыстық пән олимпиадасында :
Ағылшын тілі пәнінен 11 сынып оқушысы Кадырова Анель І орын-Еңбек орта мектебі;
Қазақ тілі (орыс сыныптарына арналаған) 9 сынып оқушысы Майкефер Милана ІІ орын-Азат орта мектебі;
Қазақстан тарихы пәні 9 сынып оқушысы Ерболат Айқын ІІІ орын-Азат орта мектебі;
Қазақстан тарихы пәні 11 сынып оқушысы Каримова Айгюн ІІІ орын-Урюпинка орта мектебі;
Биология пәні 10 сынып оқушысы Зулан Дана ІІІ орын- Азат орта мектебі;
Информатика пәні 11 сынып оқушысы Шульга Кирилл ІІІ орын-Новорыбин орта мектебі жүлделі орын иеленді. Жеңімпаз оқушыларды құттықтаймыз!