Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы байқау 2023 жылғы 22 желтоқсанда Ақкөл ауданы білім бөлімінде комиссия мүшелері бас қосқан кеңес болды. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және еңбек нарағының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалқ және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырудың бекітілген қағидалары негізінде, Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығының негізінде конкурс жариялаған болатын. Ақкөл ауданы білім бөліміне қарасты 23 балабақшаның 23 балабақшасы конкурсқа қатысты. Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы білім бөліміні бойынша 2024 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесі бекітілді. Бұйрық шығарылды.