Облыстық «Мәшһүр Жүсіп оқулары-2024»
Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2024 жылы 7-9 ақпан аралығында Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп- интернатының базасында 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
«Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауының негізгі мақсаты- философ ақынның рухани мұрасын дәріптеу, шығармаларында бейнеленген туған жерге сүйіспеншілік, белсенді азаматтық ұстанымды өскелең ұрпақты тәрбиелеу, тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту болып табылады. Байқау 4 номинация бойынша өткізілді.
І бағыт- «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген»
ІІ бағыт- "Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы"
ІІІ бағыт- "Білімді зерек адам болам!- десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен"
ІҮ бағыт "Мәшһүр - Жүсіп шығармалары және "Ұлы даланың ұлы есімдері"
Байқауға Ақмола облысының жалпы білім беретін ұйымдарынан 64 оқушы қатысты. Ақкөл ауданы бойынша аудандық байқаудың 3 жеңімпазы қатысты. Қына ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9- сынып оқушысы Ілияс Ақерке (мұғалімі Даутбаева Б. К.) 3- орын иеленіп, Ақмола облысы Білім басқармасының ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. Қына ауылының 8- сынып оқушысы Садықанова Еркеназ (мұғалімі Даутбаева Б. К.) және Амангелді ауылының негізгі орта мектебінің 8- сынып оқушысы Лұқпан Берекет (мұғалімі Ибраева С. А.) білім басқармасының сертификатымен марапатталды. Жеңімпаз оқушыларды және ұстаздарын, мектеп ұжымын шын жүректен құттықтаймыз!
Ақкөл аудандық білім
бөлімінің әдіскері Ханша Ахтышханқызы