Облыстық «Яссауитану-2024» байқауы
Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2024 жылы 7-9 ақпан аралығында Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп- интернатының базасында 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық «Яссауитану-2024» байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
Республикалық «Яссауитану-2024» байқауының негізгі мақсаты- қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың хикметтерін насихаттау болып табылады. Өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру. Байқауға Ақмола облысынан 29 оқушы қатысты. Байқауға бірінші кезеңде хикметтер жатқа оқылды. Екінші кезең бойынша қатысушылар Қожа Ахмет Яссауидің өмірі мен шығармаларына, хикметтердегі ұғымдарға, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен ондағы жәдігерлерге, Қазақстан тарихына қатысты алдын ала дайындалған билет сұрақтарына жауап берді.
Осы байқауда Ақкөл ауданынан 5 оқушы қатысып, бақтарын сынады. Олар: Азат, Барап, Өрнек, Қына, Новорыбин орта мектептерінен. Байқау 2 кезең бойынша өткізілді. Байқаудың қорытындысы бойынша Новорыбин ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8- сынып оқушысы Джумасанов Жангир (мұғалімі Кап Ақмарал) және Өрнек ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы Нұрыбек Ахмет (мұғалімі Жунусова Б. К) Ақмола облысы білім басқармасының ІІ дәрежелі дипломымен марапатталып, республикалық кезеңге жолдама алды. Ал Қына ауылының жалпы орта мектебінің 6- сынып оқушысы Ерканат Мөлдір (мұғалімі Дүйсенбай Б.), Барап ауылының негізгі орта мектебінің 7- сынып оқушысы Дәулет Нұрсая (мұғалімі Утюпов Е. Б.), Азат ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Даулетбек Нұрсат (мұғалімі Аскерхан Ауғанбай) облыстық білім басқармасының сертификатымен марапатталды. Жеңімпаз оқушыларды және ұстаздарын, мектеп ұжымын шын жүректен құттықтаймыз!
Ақкөл аудандық білім
бөлімінің әдіскері Ханша Ахтышханқызы