АЛҒЫС - БАҚЫТТЫҢ КІЛТІ!
❗Құрметті достар!
✔️Көктемнің алғашқы күні елімізде Алғыс айту күні атап өтіледі. Әрбір жүрек ризашылық пен шынайылыққа толы күнде біз ерекше бағалайтын махаббат сезімін, денсаулықты, отбасымыз бен достарымызды, жетістіктерімізді, әрқашан қолдау білдіретін ата-аналарымыз бен достарымызды, бізге шабыт беріп, тәлімгерлік ететін ұстаздарды және әр күнімізге шаттық пен қуаныш сыйлайтын, қиын сәттерде көмек қолын соза алатын жандарды ойлаймыз. Бұл күн тек алғыс айтумен ғана шектелмей, айналаңызға мейірімділік пен жанашырлық тарататын күнге айналсын. Әрқайсымыздың жүрегімізді жылытып, күш беретін алғыс тізбегінің құрылуына себепкер болайық.
❗ҚР Оқу-ағарту министрлігі РҚББО 2024 жылдың 12 ақпанынан бастап Алғыс айту күніне арналған мектептер мен колледждер парламентінің мүшелері арасында «АЛТЫН ЖҮРЕК» республикалық челленджін бастайды.
❗Қатысу өте оңай! Жақын адамыңызға, досыңызға, мұғаліміңізге немесе сіз үшін қымбат кез келген адамға алғысыңызды білдіріп, әлеуметтік желілерде ❗#Алтынжүрек #детскоесамоуправление #өзінөзібасқару❗ хэштегтерімен бейнероликтер жариялаңыз.
❗Челлендж 1 наурызға дейін жалғасады. Сондықтан осындай керемет шараға қатысу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
✨Айналамызда бейбітшілік пен жақсылықты бірге жасайық!✨