"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Негізгі және орта білім туралы үздік аттестат» және «Алтын белгі» аттестатына үміткерлерге қойылатын талаптар

21.02.2024

«Негізгі және орта білім туралы үздік аттестат» және «Алтын белгі» аттестатына үміткерлерге қойылатын талаптар

 

«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығы  52-54-тармағына сәйкес Негізгі орта білім туралы үздік аттестат алған, негізгі, жалпы орта білім беру бағдарламаларына сәйкес  5-11 сыныптарда білім алған кезеңінде барлық пәндер бойынша жылдық және қорытынды бағалары "5", 10-11-сыныптар аралығында білім алу кезеңінде барлық пәндер бойынша тоқсандық бағалары "5" болған, жалпы орта білім беру аяқталғаннан кейін қорытынды аттестаттаудан "5" бағасына өткен 11 (12) сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы" Алтын белгі" аттестаты және "Алтын белгі" белгісі беріледі.

Аталған бұйрықтыцң 48-тармағына сәйкес 5 – 9 -сыныптардағы оқу кезеңінде барлық пәндер бойынша жылдық және қорытынды бағалары "5" болған 9-сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес негізгі орта білім туралы үздік аттестат беріледі.

 49-тармағына сәйкес Жалпы орта білім туралы аттестатқа қосымшаға енгізілетін пәндерден "5" болған және 10 (11) - 11 (12) сыныптардағы оқу кезеңінде барлық пәндер бойынша жылдық, қорытынды бағалары "5" болған 11 (12) сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы үздік аттестат беріледі.

Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы №193 бұйрығына сәйкес 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын, жалпы орта білім туралы үздік аттестатын және негізгі орта білім туралы үздік аттестатын алуға үміткерлерге қойылатын талаптар күшейтілді.

 

  1. Жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткерлерге қатысты

Енгізілген өзгерістерге байланысты Үміткердің негізгі орта білім туралы үздік аттестаты және  жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларына сәйкес 10 - 11 сыныптардағы оқу кезеңінде барлық пәндер бойынша тоқсандық, жылдық және қорытынды бағалары «5» болуы тиіс.

Бұған дейін үміткерлерге қойылатын талап мынадай болатын: «Жақсы мінез-құлық танытқан және 5-11 (12) сыныптар аралығында барлық пәндерден жылдық және қорытынды бағалары «5» болған және жалпы орта білімді аяқтау бойынша қорытынды аттестаттаудан «5» деген бағаға өткен 11 (12) сынып бітірушілеріне № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаты және «Алтын белгі» белгісі беріледі.».

 

2. Жалпы орта білім туралы үздік аттестат алуға үміткерлерге қатысты

Қолданыстағы редакцияда нақтыланды – «Жалпы орта білім туралы аттестатқа қосымшаға енгізілетін пәндерден «5» алған және 10 - 11 сыныптардағы оқу кезеңінде барлық пәндер бойынша жылдық, қорытынды бағалары «5» болған 11 сынып бітірушілеріне № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы үздік аттестат беріледі».

Қолданыстағы норманы басшылыққа алу қажет.

Бұрынғы редакцияда талап мынадай болатын: «Жалпы орта білім туралы аттестатқа қосымшаға енгізілетін оқыған пәндерден «5» алған және жылдық, қорытынды бағалары «5» болған 11 (12)-сынып бітірушілеріне № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы үздік аттестат беріледі.».

 

  1. Негізгі орта білім туралы үздік аттестат алуға үміткерлерге қатысты

Бұрынғы талап мынадай болатын: «негізгі орта білім туралы

аттестатқа қосымшаға енгізілетін оқыған пәндер бойынша бағасы «5» болған 9 (10) сынып бітірушілеріне негізгі орта білім туралы үздік аттестат беріледі.». «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нормативтік құқықтық актінің күші ол қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған қатынастарға қолданылмайды.

 

Енгізілген өзгерістерге байланысты Үміткердің 5-9 (10) сыныптар аралығындағы оқу кезеңінде барлық пәндер бойынша жылдық бағалары «5» болуы тиіс (норма 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енді).

Осылайша, жаңа талаптар 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енгендіктен, негізгі орта білім туралы үздік аттестатқа үміткердің 5-8 сыныптарда жылдық бағаларында «4» болуы мүмкін, 9 сыныпта барлық пәндер бойынша жылдық бағалар «5» болуы тиіс.

Тиісінше, жылдық бағасында «4» болуы мүмкін: 2023-2024 оқу жылы – 6-8 сыныптарда, 2024-2025 оқу жылы – 7-8 сыныптарда, 2025-2026 оқу жылы – 8 сыныпта.

Жылдық бағасында «4» болуы мүмкін: 2023-2024 оқу жылы – 6-8 сыныптарда, ал 5 және 9 сыныпта барлық пәндер бойынша жылдық бағалар «5» болуы тиіс.

Просмотров: 2802


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст