"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

20 ақпан күні республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді.

23.02.2024

20 ақпан күні республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді. ZOOM платформасында қашықтықтан ұйымдастырылды.  Олимпиадаға орыс-қазақ сыныптарынан 41 оқушы қатысты. Олимпиада 5 номинациядан тұрады:

  1. «Сөз  шеберлері» 
  2.  «Білгірлер» номинациясы  
  3. «Әнші-бұлбұлдар
  4. «Жас қаламгер»
  5.  «Бейнелеушілер»»

Әділқазы алқасының шешімі бойынша облыстық кезеңге өткен оқушылар:

«Сөз  шеберлері»  номинациясы бойынша (қазақ сыныбы) I орын Жалғызқарағай аулының   Кирдищев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  8 –  сынып оқушысы Ерсолтан Аружан  , жетекшісі: Төлеубек Е.

 «Білгірлер» номинациясы бойынша(қазақ сыныбы)  I орын  Еңбек аулының Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы С.Нұрмағамбетов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 8-сынып оқушысы Кожанова Диляра , жетекшісі – Қабдылқарапова І.Д.

 «Әнші-бұлбұлдар» номинациясы бойынша, I орын  Новорыбинка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 8-сынып оқушысы Рязанова Татьяна,жетекшісі: Мекебай А.

«Жас қаламгер» номинациясы бойынша  І орын Саздыбұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  7 – сынып оқушысы Мұратбек Зерде , жетекшісі: Хавиль Г.

«Бейнелеушілер»» номинациясы бойынша (орыс сыныбы), І орын Ақкөл ауданы          П. Исаков атындағы №1 Ж жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  8-сынып оқушысы Федосеева Виолетта, жетекшісі: Клышева А.Т.

 (қазақ сыныбы) І орын Ақкөл ауданы Ж.Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 8-сынып оқушысы  Әбдрайым Кәусар, жетекшісі: Отарбаева Ж.Т.

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз, облыстық кезеңге сәттілік тілейміз!

 

Просмотров: 2804


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст