Текст
Ақкөл ауданында "ETANDAY.GOV.kz электрондық платформасын енгізу бойынша мектеп кітапханаларының жұмысы" тақырыбында мектеп кітапханашыларының семинары өтті. Мектеп кітапханашылары "Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтары мен ОӘК таңдау" электронды платформасы бойынша жадынамамен танысты.
Ақкөл ауданының мектептерінде "Оқуға құштар" өңірлік жобасы бойынша жұмыстар жалғасуда. Семинар барысында Азат ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің кітапхана меңгерушісі Бопо Раушан осы мәселе бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.
Семинар соңында кітапханашыларға әдістемелік ұсыным берілді.